Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
22.07.2026, 12:44

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Шетпе (Маңғыстау облысы) және Қарасор (Павлодар облысы) станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңартуды аяқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде компанияның өз қаражаты есебінен орындалды.

Шетпе станциясының вокзалы 1967 жылы салынған.  Мұнда жаңа қаңқаны орнату, шатыр мен қасбетті жабу, инженерлік желілерді төсеу, үй-жайларды ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ғимаратта жаңа жиһаз бен заманауи жабдықтар орнатылған. Қазақстандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Вокзал ауданы бірнеше есеге: 201-ден 1090 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ғимарат қауіпсіздіктің, энергия тиімділігінің және қол жетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді.

Вокзал 1 типті және күн сайын 100 жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Орал бағыттары бойынша 16 жолаушылар пойызы қатынайды.

Қарасор станциясының вокзалы 1988 жылы салынған.  Ғимаратта шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлар жөнделді. Сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері жаңартылды. Іргелес аумақ абаттандырылып, перрон жаңартылды.

Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылған. Мобилділігі төмен жолаушылар үшін пандус, тактильді навигация және арнайы күту бөлмесі жабдықталған. Жолаушылар үшін жайлы күту аймақтары құрылды.

Вокзал 3-ші типке жатады. Станция арқылы Астана, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және Түркістан бағыттары бойынша төрт жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалдарды қайта құру жолаушыларға қызмет көрсетудің жайлылығы мен сапасын арттырды, сондай-ақ объектілердің қазіргі заманғы қауіпсіздік пен қолжетімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етті.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты