Табиғат аясындағы семинар-тренинг

Аймақтар
27.07.2026, 11:49
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Машат шатқалындағы «Алтын балық» демалыс аумағында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.

Теміржолшы қыз-келіншектерге арналған семинарда тренингтік әрі сауықтыру іс-шаралары қатар қамтылуымен ерекшеленгенін айту керек. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының жұмыс жоспарына сәйкес өткен оқу курсының тиімді форматы қатысушылардың есінде қалды.

– Жыл сайын «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы 25 қараша – Халықаралық Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырады. Биылғы жұмыс жоспарына да теміржолшы қыз-келіншектерге арналған семинар-тренинг өткізуді енгізгенбіз. Әйел құқығын, әйелдер еңбегін қорғау мәселесі бір ғана атаулы күнмен шектелмейді. Негізгі аудитория – сала мамандары. Жүйені дамытуда үлкен жауапкершілікті ер азаматтармен бірдей көтеріп жүрген қыз-келіншектерге оқу курсы шеңберінде табиғат аясында сауықтыру іс-шаралары қамтылған бір күндік демалыс сыйлауды жөн көрдік. Сондықтан, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы басшылығының ұсынысымен екі атаулы күнді қатар қамтыдық, - дейді филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев.

Таңғы алтыда жолға шыққан газель көлігі демалыс аймағына ерте жетті. Семинар-тренингтің бағдарламасы бойынша оқу курсының алғашқы бөлімінде спикерлердің баяндамасы тыңдалып, қатысушылар тақырып аясында ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиынды ашып берген «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы кадр бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева Халықаралық Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күнінің шығу тарихына тоқталып, жыл өткен сайын атаулы дата аясындағы ұйымдастырылатын іс-шаралардың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Өз баяндамасында әйелдер құқығын қорғаудың бір бағыты – еңбекші топтың лайықты сауықтырумен қамтылуы екенін қозғады.

– Бүгінгі семинар-тренингке филиалға қарасты Тараз және Шу локомотив пайдалану деполары, станциялардағы жүк тасымалына жауапты мамандар, жалпы отызға жуық адам шақырылды. Түске дейінгі жоспарланған іс-шаралар бойынша тақырыптық баяндамалармен қатар, қажетті білімді, тәжірибені, қарым-қатынас дағдыларын және әлеуметтік бейімделуді дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдісі – тренингтер өткізілді, - деп атап өтті Меруерт Баймұрзаева.

Семинардың модераторы, ТЧЭ – 31 Тараз локомотив пайдалану депосының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері Гүлжана Хусайынова баяндама жасап, соңғы жылдарда елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заңнамалар күшейтілгенін атап өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын сөз етті.

Жиында ТЧЭ – 30 Шу локомотив пайдалану депосының 1 санатты инженер-технологі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуат Молдабаев тақырып аясында әңгіме қозғап, пікірімен бөлісті. Сондай-ақ семинардың екінші бөлімінде филиалдың Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология жөніндегі жетекші инженері Бексұлтан Келіс қатысушылар арасында тренингтік жарыстар өткізді.

Үш топқа бөлінген теміржолшы қыз-келіншектер кәсіптеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Ребустар мен сканвордттарды шешіп, білім-біліктілерімен қатар, таным аясының кеңдігін көрсетті. Жалпы ұпай санына қарай, жеңімпаздар анықталып, арнайы Диплом және Кубоктармен марапатталды. Белсенді қатысушылар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері де сый-сияпатсыз қалған жоқ.

Бұдан соң қатысушылар Машат шатқалындағы тарихи-мәдени нысан – Тамшы әулие бұлағына барды. Теміржолшы қыз-келіншектер таза ауа, тамылжыған табиғат аясындағы семинар-тренингтің берері көп болғанын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді