Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды

Аймақтар
28.07.2026, 08:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты «Қорағаты – Аспара», «Тәтті – Қорағаты» өткелдерінде екі автотрансформаторлық электр қуатын беру пунктінің құрылысы аяқталды.

Бұл қадам аталған учаскедегі инфрақұрылымдық шектеулерді жоюдың кезекті кезеңі болды. Енді жаңа автотрансформаторлық қуат беру пункттері магистральдық желіні электрмен тұрақты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға едәуір серпін береді. Пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз жүруіне жағдай жасайды.  

Жалпы соңғы жылдарда тасымал көлемінің ұлғаюына және учаскелер арқылы өтетін ауыр жүк пойыздары санының артуына байланысты жоғарыдағы өткелдерде жаңа автотрансформаторлық пункт салуға деген сұраныс айқындала түскен болатын. Себебі мұндағы жолдың күрделі бойлық бейіні жақсы жабдықталған қуатты электр тартқыш жүйесімен қамтамасыз етуді қажет ететін. Ал автотрансформаторлық электр қуатын беру пункттері темір жолдарды электрмен жабдықтаудың қазіргі заманғы жүйесінің негізгі элементтерінің бірі екені анық. Олар байланыс желісіндегі кернеудің қажетті деңгейін ұстап тұрады, электр қуатының жоғалуын азайтады. Ең бастысы пойыздардың қарқынды қозғалысы кезінде электр құрылғыларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.  

Теміржол инфрақұрылымын жақсартуда магистральдық желілерді қуатты электр тартқыш жүйесімен жабдықтаудың маңызы зор. Бұл учаскені пайдаланудың тиімділігі өз алдына, бірінші кезекте сенімділікті арттырады. Пойыздарды өткізу қабілетінің жобалық параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жүк және жолаушылар тасымалының одан әрі өсуі үшін қосымша резерв құруға мүмкіндік береді.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді