Аягөздің абыройлы азаматы

Аймақтар
31.07.2026, 13:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қазақ теміржолының арғы-бергі тарихында Аягөз өңірінің өзіндік орны бар. Себебі Түрксіб құрылысымен бірге өркендеген бұл аймақта әр кезеңдерде зор жетістіктерге жеткен даңқты теміржолшылардың шоғыры мол. Бүгінгі күнде де ісімен үлгі, еңбегімен елеулі болып жүрген майталман мамандар қатары жетерлік.

Солардың бірі – Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі әрі осы өңірдегі Жүзағаш станциясының бастығы қызметін қоса атқаратын Мұрат Хаджиакпаров екені анық.

Мұрат Рахметоллаұлы Ақтоғай мен Аягөз арасындағы шағын ғана Жүзағаш бекетінде 45 жыл жолшы болған әкесінің тәрбиесін көріп, тәлімін алған.1985 жылы ШЧ-30 мекемесінде СОБ электрмонтері болып еңбек жолын бастаған кезден бері аттай қырық жыл өтіпті. Бүгінгі таңда дистанциясының электрмеханигі және Жүзағаш станциясының басшысы қызметін де қатар атқарып жүр. Яғни міндет те екі еселенген деген сөз.

– Менің қарауымда желі бойындағы 8 бағыттамалы бұрма, 11 бағдаршам, 6 релелік шкаф, 11 батареялық шкаф, бір жол өткелі бар. Негізгі міндет – СОБ құрылғылары, бағыттамалы бұрмалар мен байланыс желілері назардан тыс қалмауы керек. Оның сыртында басшылық тарапынан жүктелетін кезек күттірмес шұғыл тапсырмалар тағы бар. Жалпы, маған қарасты телім бөлігі өте күрделі. Уақытпен еш санаспай, еңбек етіп қана қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, – дейді байланыс саласының білгірі Мұрат Рахметоллаұлы.

Аталмыш айырма пункттің күрделі болуының тағы бір себебі, дәл іргедегі төрт бағытқа қызмет көрсететін Ақтоғай станциясындағы пойыздарды қабылдап алу, жөнелтудің жиілігі болып отыр. Ал Жүзағаш станциясы Семей магистральдық желі бөлімшесінің күнгейдегі ең шеткі нүктесі саналады. Сол себепті де тәулік бойы жүк және жолаушылар пойыздарын Алматы бөлімшесіне өткізу қажет. Ал төрт тараптан жылжымалы құрамдарды қабылдайтын Ақтоғай станциясы кейбір күндерде желі бойының босамауына байланысты пойыздарды қабылдамаса, барлығы Жүзағашқа жиналып қалады. Мұндай жайттардың басы-қасында, диспетчерлермен байланыста әлбетте Мұрат Рахметоллаұлы жүреді. Жылжымалы құрамдар әсте іркілмеуі тиіс.

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жол күтімі мен желі бойындағы байланыс құрылғылары қызметін жаңғырту ісіне кеңінен ден қойылған. Сол себепті де Ақтоғай мен Аягөз станциялары аралығында жолаушылар пойызы сағатына 140 шақырымда жүйтки алады. Мұның барлығы Мұрат Рахметоллаұлы бастаған жүзағаштық теміржолшылардың еселі еңбегінің нәтижесі екендігі анық. Себебі бүгінге дейін пойыз қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында бағдарламалық және аппараттық кешендер біршама жаңартылған болатын.Тәжірибелі электромеханик ретінде желі бойындағы байланыс жүйелерін жаңғырту ісінде кейіпкеріміз де маңызды үлес қоса білді. Осы жылдар аралығында ескірген жабдықтарды заманауи үлгідегі жаңа цифрлық және микропроцессорлық жүйелерге ауыстыру шараларының бел ортасында жүрді. Байланыс саласын жаңғыртуға құрылғы-жабдықтарды монтаждау, реттеу және іске қосу жұмыстарына белсенді түрде қатысты.

Ал қазіргі күні станция басшылығында жүріп жаңғыртылған СОБ жүйелерінің ақаусыз жұмыс істеуіне техникалық бақылау жүргізіп, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына да жетекшілік етуде. Жел өтіндегі желі бойында жүріп ерлікке пара-пар еңбек ететін салалық қызметтің қара нарына қандай құрмет көрсетсе де артық емес.

 

Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Кәсібиліктің үлгісі
Жаңалықтар
31.07.2026
Жүз жылдық тарихқа саяхат
Әлеумет
31.07.2026
Тағы екі жүз бала демалады
Спорт
31.07.2026
Маңғыстаудың намысын қорғайды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.07.2026
Қазақстан теміржолшысы  газеті, №58-59 31 шілде 2026 жыл
Аймақтар
30.07.2026
Түркістан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
30.07.2026
Қарағанды облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
30.07.2026
Жамбыл теміржолшылары 250 жүргізушіге профилактикалық акция өткізді
Инфрақұрылым
30.07.2026
Құрық портындағы жаңғырту: өткізу қабілеті өсті
Жаңалықтар
30.07.2026
ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс кеңесі өтті
Жаңалықтар
30.07.2026
ҚТЖ Бас есептеу орталығында жастардың сала ардагерлерімен кездесуі өтті
Аймақтар
30.07.2026
Атырау облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
29.07.2026
Алматы облысында Шамалған және Қазыбек бек вокзалдарын жаңарту аяқталды
Аймақтар
29.07.2026
Қостанай облысында ескі ғимаратты бөлшектегеннен кейін Железорудная станциясының жаңа вокзалы ашылды
Аймақтар
29.07.2026
Қарағанды облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
29.07.2026
Қызылорда облысында Сексеуіл вокзалы жаңартылды
Әлемде
29.07.2026
Тәжікстан, Иран және Ауғанстан жүк транзиті үшін жаңа көлік дәлізін құрып жатыр