Еңбек заңнамасы талқыланды

Аймақтар
18.08.2026, 09:04
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржол саласы аймақтағы ең ірі еңбек ұжымына жатады. Сәйкесінше мұндағы кәсіподақ қызметі де барынша ауқымды. Аягөз локомотив пайдалану депосында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ бастамасымен еңбек қатынастары бойынша талқылаулар мен ақпараттық жиын өтті.

Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлері келіп, еліміздің еңбек заңнамасына енгізілген бірқатар өзгерістер жайлы ақпарат берді. Басқосуға «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов бастаған барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен мүшелері қатысты.  

Жиында ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер, оның ішінде жеке еңбек дауларын қарау тәртібін реттейтін 22 және 23-баптардың нормалары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, 22-баптың 16-тармағына сәйкес әр еңбеккердің жеке еңбек дауын қарау үшін алдымен келісу комиссиясына, одан кейін Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы екені айтылды. Бұл орайда жиынға қатысушы теміржолшылар қауымы да көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап ала алды. Мысалы, қатысушылар келісу комиссиясының қызметіне қатысты сауал жолдап, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту мәселесіне де мейлінше қызығушылық танытты.  

Аягөз локомотив пайдалану депосы цехтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Байқоңыров айтып өткендей, қазіргі таңда ТЧЭ-25 мекемесінде жалпы саны алты жүзге жуық адам еңбек етеді. Өткір тұрған өзекті мәселелер жоқ. Жалпы, Аягөз өңірі бойынша соңғы уақыттары еңбек даулары болған емес. Мұның өзі белгіленген заң талаптары дер кезінде түсіндіріліп, толық орындалуының нәтижесі екендігі анық.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады