Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр

Аймақтар
25.08.2026, 09:41
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда агенттік пункті – Белкөл мен Жалағаш станциялары арасындағы бірнеше бекеттегі жүк тасымалының тұрақты жүргізілуін үйлестіретін маңызды нысан. Агенттіктегі ауысымдық тәсілмен еңбек ететін тауар кассирлері мен жүк қабылдап-тапсырушылар өздеріне тиесілі міндетті тапсырмаларды қалтқысыз орындап келеді.

Нәтижесінде бөлімшедегі құрылымдық өзгеріске қарай реттестірілген тасымал үдерісі қазіргі таңда бұрынғы қарқынын жоғалтпай, керісінше еселене түскен.  

Қызылорда агенттігі пунктінің бастығы Алмас Ұзақбайұлы ұсынған ақпар бір ғана Қызылорда станциясындағы өндірістік жұмыс көрсеткіштері – осының дәлелі. Мәселен шілде айында 678 вагонға жүк тиелсе, 1135 вагоннан жүк түсірілген. Ал жыл басынан бергі жеті айда станция теміржолшылары 3642 вагонға жүк тиесе, 7502 вагоннан жүк түсірген. Вагондардың түрлері жабық, ашық, жартылай вагон, цистерна секілді әртүрлі санатта болуы да жүк операциясының өзіне тән ерекшеліктерін айқындайды. Берілген вагонның жағдайы, оның құжаттарының рәсімделіп, жүк операциясы қаражатының реттестірілуі біршама уақыт алатындықтан мұндағы жұмыс шапшаңдықты, дәлдікті, шеберлікті талап етеді.  

– Біздің басты міндетіміз – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып станцияға келген жүкті дер кезінде түсіріп, шыққан жүкті тиеу. Тиелетін негізгі жүк – тұз бен күріш, Шыны зауытынан шығарылатын өнімдер және тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттар. Жүк негізінен Ресей мен Өзбекстан мемлекеттеріне жіберумен қатар еліміздің барлық облыстарына да жөнелтіледі. Ал станцияға келетін жүктің басым бөлігін құрылыс заттары, коммерциялық өнімдер, тұрмыстық заттар құрайды, – дейді агенттік пункт басшысы.

Жалпы станциялық жолдардан бөлек 47 кірме жолда жүк тиеу-түсіру жұмыстары атқарылады. Жұмыстың басым бөлігі Алтын қамба, Шыны зауыты, МЧ бағыты және М54-бағытында. Қазіргі таңда агенттік пункт тәулігіне орта есеппен 50-60 вагонға қызмет көрсетеді.  

Агенттік басшысы Алмас Ұзақбайұлы ұжым тәжірибелі теміржолшылар мен білікті мамандардан жасақталғанын жеткізді. Олардың қатарында жүк вагондарына қатысты қаржылық айналымды шебер ретке келтіретін аға тауар кассирі Фарида Кеңесбаеваны, тауар кассирі Ақжарқын Тастыбаеваны, келген-кеткен вагондардың жүгіне қатысты жұмыстарды кәсіби деңгейде атқаратын аға жүк қабылдап-тапсырушы Мәдина Тұяқбаева мен жүк қабылдап-тапсырушылар Еркебұлан Надырбеков, Жарас Өтепалиев, Оңдасын Абзаловты ерекше атап өтті.  

– Станциядағы жұмыс ауқымы ең алдымен қауіпсіз қозғалыс, шапшаңдық пен кәсіби шеберлікті талап ететіні белгілі. Осы кәсіби дағды аталған теміржолшылардың бәрінде қалыптасқан. Ең бастысы өзара түсінісіп, ынтымақпен әрекет ету біздерге тапсырылған меженің жоғары деңгейде орындалуына мүмкіндік беріп келеді, – дейді агенттік басшысы.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды