Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады

Аймақтар
27.08.2026, 12:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда бөлімшесінде денсаулық мәдениетін дамыту, кәсіби тәуекелдердің алдын алу, жұмыс орнындағы күйзелісті азайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әл-ауқат апталығын» қолға алды.    

Теміржол – жоғары жауапкершілік пен үздіксіз ырғақты талап ететін күрделі өндіріс орны. Бұл салада қызмет ететін әрбір маманның денсаулығы мен психологиялық жай-күйі өте маңызды. Сондықтан аптаның дүйсенбісін Сұлтанахмет Жантөреұлы бастаған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің ұжымы таңғы сергіту жаттығуынан бастады. Спорт секторы Бақытжан Имбергенов арнайы спорттық жаттығулардың бірнеше түрінен үлгілік нұсқа көрсетті. Әріптестері оның әрбір әрекетін қайталап, бойларына серпін, саналарына сергектік, зерделеріне зия жинады.

Денсаулық пен ұжымдық рухты ұштастыруды көздеген таңертеңгілік сергіту теміржолшылардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, жұмыс күннің сәтті өтуіне оң ықпал ететіні дау туғызбайды.    

Әрі қарай бөлімшенің кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы жайылған жеңіл дастарханнан дәм татқан қызметкерлер жұмыс орындарына көтеріңкі көңіл күймен сергек тарасты.    

– Бөлімше теміржолшыларының денсаулық мәдениетін дамыту, олардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, кәсіптік тәуекелдердің алдын алу, жұмыс орнындағы күйзелісті азайту мақсатында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология бөлімінің жетекші инженері Бақыт Айменова мен кәсіподақ комитеті төрайымы Ғалия Қожахметова бірлесіп осындай апталықты қолға алып, жоғары деңгейде өткізуге атсалыстық. «Әл-ауқат апталығы» кеңседе отырып күнделікті 8 сағат жұмыс істейтін қызметкерлерге сергектік сыйлап, ұжымдық ауызбіршілікті шыңдауға бағытталған маңызды шара болды. Сергіту жаттығуларынан бастау алған күн әрбір қызметкерге ұмытылмас әсер сыйлап, еңбек өнімділігін арттыруға тың серпін бергені анық, – дейді спорт инспекторы Бақытжан Имбергенов.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті