Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті

Аймақтар
31.08.2026, 10:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы кезекті республикалық «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары Тереңөзек станциясы маңындағы өткелде өткізді. 

Тереңөзек станциясы аумағындағы 2770 шақырымда орналасқанөткелден сағатына 50 шақты автокөлік өтеді. Тереңөзек аудан орталығы болғандықтан орталыққа қатынайтын аудан көлеміндегі автокөліктер, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаған жүк тасыған ауыр машиналардың бәрі  осы өткелден өтеді. Сондықтан мұндағы қозғалыс тәулік бойы бір тынбайды. 

– Қауіпсіздік акциясы бойынша бұған дейін де Бәйгеқұм, Бесарық, Шорнақ станцияларының  теміржол өткелдерінде рейд өтіп,  автожүргізушілерге теміржолдың қауіп-қатерлі аймақ екені, соған байланысты өткелден өту кезінде қауіпсіздік талаптарының қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Өткелден өту қағидаларымен танысқаны жайлы арнайы жорналға тіркелді. Бір сағат ішінде өткелден өткен автокөлік иелері мен тұрғындарға жол қозғалысы қағидаларын бұзған жағдайда заң алдында жауапқа тартылатыны ескеріліп, жадынамалар, ақпараттық үзінділер таратылды. Ал бүгін міне,, Тереңөзекте жалғасып жатыр, – деді Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусінов.

Сонымен қатар бұған дейін Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары Қазалы станциясындағы өткелде, Қамбаш-Шөміш станциялары арасындағы телімнің 2445 және 2593 шақырымдағы Төретам – Ақжар бекеттері маңындағы теміржол өткелдерінде аталған акцияны жалғастырып, рейд өткізген болатын. 

– Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары арнайы мамандармен бірге 26 тамызда Қамбаш (Қамыстыбас) станциясында, Төретам станциясында 27 тамызда және Жосалы станциясында 28 тамыз күні рейд өткізді. Жүргізушілерге теміржол өткелінен өту кезіндегі сақтық талаптары, ал тұрғындарға белгіленген орындардан өту керек екендігі түсіндірілді. Аталған станциялардағы теміржол өткелдері тұрғындар тығыз қоныстанған, негізінен аудан орталықтарында орналасқан. Сондықтан бұл өткелдерден тәулік бойы автокөліктер қозғалысы үзілмейді. Жалпы пойыз бен көлік қозғалысы қиылысатын теміржол өткелі аса қауіпті аймақ саналады. Тұрғындарды қауіпті аймақта қауіпсіздік талаптарына аса мән беріп, сақ болуға шақырамыз. Әрбір автокөлік иесі өткелден өтер кезде өткел кезекшісінің әрекетіне бағынуы тиіс, – дейді Қазалы жол дистанцисының бас инженері Сырлан Сұлтамұратов.

Жалпы,  республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз өткел» акциясы бөлімшенің оңтүстігіндегі Бәйгеқұм теміржол өткелінде басталып, аймақтың солтүстігіндегі Сексеуіл, Арал теңізі станциялары маңындағы өткелдерде өтті, сосын қайтадан оңтүстік телімдерге ойысып, Шорнақ станциясында жалғасып, бүгін міне  Тереңөзек станциясында мәреге жетіп, бүкіл аймақты қамтыды.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды