Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік

Аймақтар
01.09.2026, 09:35
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясы – Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі пайдалануға берілген жылы іргетасы қаланған ең жас ұжым. Дегенмен, жолшылар ұжымының бүгінгі өндірістік жұмыс көрсеткіштері көрсе көз тоярлық деңгейде.

Мұрат Байділдаев басқаратын Сексеуіл жол дистанциясының ұжымы үшін ағымдағы жылдың алғашқы 7 айы елеулі жетістіктерге, ауқымды жаңғыртулар мен нақты нәтижелерге толы болды. Жол сапасының балдық көрсеткішін 130 пайызға жеткізіп, болат рельстердің беріктігі артып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілді.  

Мәселен, өткен шілде айында атқарылған сапалы жұмыстарға шолу жасайтын болсақ, Сексеуіл-Қоскөл жаңа теліміндегі 50 шақырым болатын 25 метрлік бунақты рельстер толығымен заманауи түйіспесіз жолға ауыстырылды. Бұл қозғалыс жылдамдығын арттырып, құрамдардың жайлы жүрісін қамтамасыз етеді. Сексеуіл станциясының жолдарында 2 984 ағаш шпал темірбетонға ауыстырылды. Жоспарланған 21 бағыттамалы бұрманың 13-і темірбетон білеулерге ауыстырылып, қалған 8 жинақты қазан айына дейін орнату жұмыстары қарқынды жүруде. Сонымен қатар үздіксіз жүргізілген профилактикалық шаралардың арқасында қараусыз малға байланысты шұғыл тежеу 36,8 пайызға, ал мал басу оқиғалары 71,4 пайызға азайған.  

Дистанция жолының технологиялық талапқа сай болуының бір белгісі балдық бағалау көрсеткіште жатыр. Сексеуілде ол 56 балдық жоспар орнына 43 балды құрап, меже 130 пайызға артығымен орындалуы сапаны айқындаса керек. 

 

Бұл жеңістердің артында әрине қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері тұр. Дистанция көрсеткіштерінің көтеріңкі болуына №3 айналымның жол шебері Болат Балмашов, №9 айналымның жол шебері-бригадирі Серік Бақбергенов, №3 өндірістік телім бастығы Леонард Жұбаниязов, №17 айналымның 6-разрядты жол жөндеушісі Таңат Махамбетов, көлік жүргізушісі Рамазан Нұрбаев, сондай-ақ өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші мамандары Ғалымжан Жетесов пен Дәуіржан Сағитжанов сынды азаматтар әріптестеріне үлгі болумен қатар өз істерінің шебері екенін дәлелдеп жүрген нағыз жолшылар саналады.

– Осы 7 айдың ішінде жеткен әрбір оң нәтиже мен жоғары көрсеткіш, ең бастысы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі – ортақ еңбек жемісі. Барша әріптестеріме, әсіресе өндірістік жоспарды сапалы әрі уақытылы орындауға атсалысқан үздік телімдерге алғысымды білдіремін. Ауа райының қандай да бір қолайсыздығына қарамастан жауапкершілік арқалаған біздің ұжымның әрбір мүшесі осы жеті айда жеткен жетістікке өз үлесін қосты деп айта аламын, – дейді дистанция бастығы Мұрат Байділдаев.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл