Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?

Аймақтар
01.09.2026, 11:37
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында кезең-кезеңімен ескірген жабдықтарды жаңарту, цифрлық басқару жүйелеріне көшу жұмыстары жүргізілуде.

Айталық, 2024-2025 жылдары Тараз – Жаңатас учаскесінде төрт бірдей станцияда резервтік қуат көзі – дизельдік генераторлар орнатылды. Ал Тараз – Түлкібас, Тараз – Жаңатас, Тараз – Шу бағытындағы бес станцияға 2024 жылы арнайы электротехникалық құрылғы – панельдік қуаттандырғыш іске қосылған болатын. Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрғали Терлікбаевтың айтуынша, жаңа жүйе екі жылдың ішінде тиімділігін айқын көрсеткен.  

– Бұл – отандық өнім. Қарағандының Саран қаласынан шығады. 2024 жылы Боранды, Құмшағал, Қаратау, Үшбұлақ, Аса станцияларына қойдық. Өндірушілер өз мамандарын жіберіп, қалай орнатылатынын көрсетті. Біздің электромеханиктерді оқытып, үйретті. Бұған дейін аталған станцияларда сонау жетпісінші жылдары қойылған аналогтық жүйе жұмыс істеп тұрған. Ал жаңа құрылғы теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс (СОБ) жүйелерін қауіпсіз және тұрақты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Бір сөзбен айтқанда, тұтас бір схема, белгі беру және байланыс жүйесінің «жүрегі» деуге болады. Кіріс панельдері (PV): сыртқы электр желілерінен ток қабылдаса, қасындағы қосымша құрылғы оны қажетті нүктелерге бөліп таратады. Барлық жүйе автоматтандырылған, тіпті жабдықты тоқтың көп келуінен, яғни жоғары кернеуден қорғайды. Цифрлық жүйенің қай жерде қандай ақау болғанын жазып, дисплейде сақтап қалатын артықшылығы бар. Бұрын мысалы түн ішінде бір учаскеде жүйе тоқтап қалса, оның себебін анықтап, тексеруге көп уақыт кететін. Қазір оны автоматты түрде дисплейден дәл қай уақытта істен шыққанын, неден болғанын көре аламыз, – деді дистанция бастығы.  

Айтуынша, биыл да Түрксіб, Тараз станцияларына тағы осындай 4-5 жаңа құрылғы беріледі деген жоспар бар. Инвестициялық жоба болғандықтан, құрылғыны биыл алса, орнатып, іске қосу келесі жылдың еншісінде.  

Ал дизельдік генераторлар, бұл – учаскелерге қойылатын қосымша резервтік қуаттандырғыш құралдар. Тараз – Жаңатас аралығы жел жиі тұратын дауылды аймақ саналады. Әсіресе күзқыс айларында боранды күндер көп. Желдің салдарынан негізгі құрылғы өшіп қалуы мүмкін. Сондықтан дистанциялықтар жаңа құрылғыларды осы бағыттағы төрт станцияға – Ақтаутас, Шабақты, Табақбұлақ, Бурылға қойған.  

Жалпы, дистанция Түлкібас станциясынан бастап, Қорағаты – Тәтті өтпеліне дейін, мына шеті Тараздан Жаңатас станциясына дейін, жалпы 525 шақырымнан астам аумақта қызмет көрсетеді. Дистанцияға қарасты бекеттерді модернизациялау жұмыстары соңғы жылдарды цифрлық жүйеге көшіруге ұласқан. Барлық станцияларда белгі беру және байланыс беру жүйесінің аналогтық құрылғысының орнына ОТС цифрлық жедел технологиялық байланысы орнатылған. Түлкібас – Тараз – Шу учаскесі «НЕМАН», Тараз – Жаңатас учаскесі «МП АСДЦ» микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыруға көшірілген.  

Ал Тараз – Жаңатас учаскесінде ОТС KS-MS (КАПШ) жедел технологиялық байланыс іске қосылған. Түлкібас – Тараз учаскесі SI-3000 «Iskratel» ОТС-пен, ал Тараз – Шу ОТС учаскесі DX-500 құрылғысымен жабдықталған.  

– Кластан тыс Тараз және Түрксіб станциялары бойынша желілік аппараттық (ЛАЗ ) залдарына К-60 канал құраушы жабдықтарының орнына RS-3000- 15 raisecom сандық жабдықтары қолданысқа енгізілді. 2024-2026 жылдары дистанция қызметкерлері шаруашылық тәсілімен Жұма және Тамды станцияларына дауыстап хабарлау паркінің құрылысын жүргізді. Күзетілетін 31 теміржол өткелінің 26-сында машинистің өткел бойынша кезекшімен келіссөздері үшін 43-РТС үлгісіндегі пойыздық радиостанция орнатылды. Жалпы Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясын бір мезгілде жедел технологиялық байланыстың үш түрін пайдаланатын бірнеше дистанцияның бірі екенін атап өту керек, – деп түсіндірді дистанция бастығы.  

Дистанцияға қарасты Түлкібас – Тараз, Тараз – Шу, Тараз – Жаңатас учаскелерінде түгелдей 30 станция – электрлік орталықтандыру, диспетчерлік орталықтандыру учаскелерін қосқанда 280,128 шақырым тұтас автоблоктау жүйесімен жабдықталып, 695 бұрма пайдаланылуда. Ал сұрыптау құрылғысымен жабдықталған механикаландырылған төбе тек Тараз станциясында бар.  

Көріп отырғанымыздай, теміржол саласында белгі беру және байланыс дистанцияларының қызмет ауқымы кең. Демек, дистанция жұмысы жүйелі жүрсе, пойыздардың да қозғалысы қауіпсіз.  

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты