Тарихы терең Түрксіб

Аймақтар
04.09.2026, 09:33
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Түркістан – Сібір теміржолының қазығы қағылған бұрынғы Луговой, бүгінгі Түрксіб станциясында жаңартылған вокзал пайдалануға берілді. Бұл келер жылы аталып өтетін ұлы құрылыстың жүз жылдығына лайықты тарту болмақ.

Мемлекет басшысының теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын жаңарту және абаттандыру жөніндегі тапсырмасы аясында «ғасыр құрылысының» түп қазығы саналатын тарихи станцияға жиналғандар жаңа вокзалдың лентасын қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. 1927 жылы салынған Түрксіб станциясының вокзалы екі қабатты, ауданы 1273,6 шаршы метрді құрайды. Вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 300 адамнан асады.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Азизхан Қалыбаевтың айтуынша, жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде вокзал ғимараты заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, инженерлік жүйелері толық жаңартылған. Ғимараттың сыртқы және ішкі келбеті жаңарып, жолаушыларға арналған күту залы мен қызмет көрсету аймақтары заманауи үлгіде жабдықталған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың вокзал аумағында кедергісіз қозғалысы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ерекше жандарға және кішкентай сәбиі бар аналарға арнайы күту бөлмелері де қарастырылған. Перрон қайта жасалды, іргелес аумақ абаттандырылды.  

Вокзалдың ашылу салтанатына қатысқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңарған вокзал өңірдің транзиттік және туристік тұрғыда дамуына үлес қосарына сенім білдірді.  

– Түрксіб – еліміздің теміржол тарихымен тығыз байланысты, сондықтан бұл вокзалдың жаңғыртылуы тарихи нысанды сақтап қана қоймай, оны қазіргі заман талаптарына бейімдеудің нақты үлгісі. Ғасырлық мерейтой қарсаңында вокзалдың жаңарып, заманауи талаптарға сай халық игілігіне берілуінің символдық мәні зор. Бұл – өткенге көрсетілген құрмет, бүгінгі ұрпақтың еңбегі және болашаққа жасалған берік қадам, – деді облыс әкімі.  

Бүгінде станция арқылы 20-дан астам республикаішілік, қалааралық және халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды. Пойыздар Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Семей, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бағыттарын қамтиды. Ал халықаралық бағытта Алматы – Саратов, Қазан – Бішкек, Бішкек – Мәскеу және Шу – Бішкек пойыздары өтеді.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті