Семейде күзгі тасымал күрт өсті

Аймақтар
11.09.2026, 09:31
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы күзгі маусымдағы жүк тасымалына үлкен даярлықпен кірісті. Тамыздың соңы мен қыркүйек айында қатты отын тиеу мен түсіру, жеткізу жұмыстары күрт артып, қазірдің өзінде оң нәтиже беруде.

Қозғалысшылар сөзіне сүйенсек, биылғы жаз тура мағынасында да, бейнелі түрде де өте «ыстық» болды. Оған себеп көп. Бірінші кезекте іргелес Қарағанды ЖТ филиалындағы толаскездер есебінен бөлімшеге түсер салмақ артқан. Транзит көлемі еселеп өсті. Сонымен қатар Павлодар бөлімшесіне қарасты Ақсу станциясынан қабылдап алынатын жылжымалы құрамдар саны да артты. Бір сөзбен айтқанда, жүк пойыздарының ағыны жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда артып, тың міндеттемелер жүктеді.  

Ал аймақтағы ауа температурасының әдеттегіден әлдеқайда ыстық болуы себепті рельстерге түсер салмақты төмендету үшін кейбір күндері жекелеген жүк пойыздарының жүріс жылдамдығын азайту қажеттігі де туындады. Мұның барлығы кестеге, тораптық станциялардағы пойыз құрастыру процесіне де ықпал ететіні белгілі. Міне, осындай өзекті мәселелердің барлығын дер кезінде шеше отырып жұмыс жүргізген теміржолшылар күзгі маусымды өткір проблемасыз қарсы алды. Тек Жаңа-Семей станциясындағы парк құрылысына байланысты пойыз ағынына іркіліс тудырмау мәселесі оң шешімін күтуде.  

– Жазғы жүк айналымында туындаған мәселелер дер кезінде шешілді. Ал күзгі жүк тасымалына келсек, локомотив паркі жеткілікті. Жұмыс күшіне де тапшылық жоқ. Көмір тасымалының қарқын алуына байланысты маусымдық қызметті ширатып жатырмыз. Жоспар барысы жүйелі жүргізілуде, – дейді Семей ЖТ филиалының басшысы Алмас Сейсемқанов.  

Күзгі маусымда қатты отын тасымалы өзекті болып отыр. Бөлімше бойынша өткізілетін селекторлық жиындардың да негізгі тақырыбы осы. Станция басшыларына, жалпы қозғалысшыларға тиісті нұсқамалар берілген. Тиеу мен түсіру, жүк пойыздарын құрастыру, іркіліссіз жеткізу және бос вагондарды жинап алуда кедергі жоқ. Дегенмен бұл орайда теміржолшылар құзыретінен тыс бірқатар мәселелер бар. Мысалы, жеке сектордағы тұрғындардың қысқы отынды дер кезінде сатып алып қам жасауға асықпайды. Әдеттегідей бұл істі кейінге шегеріп, асығыстық танытпайтындар аз емес. Есесіне, күрт суық түсетін қарашада теміржол тұйықтарында сұраныс артып, ажиотаж туындауы әбден мүмкін. Қазіргі таңда осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін ақпараттық жұмыстар жүргізу қажеттігі туындауда.  

Десек те, қыркүйектің алғашқы аптасындағы көрсеткіш бойынша тұрғындар мен жергілікті коммуналдық сектордың отынға деген қажеттілігі толық өтелуде. Өңірде отынды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ететін бірнеше ресми көмір операторы мен логистикалық компаниялар бөлімше филиалымен ынтымақтастықта қызмет көрсетуде. Дегенмен алдағы уақытта жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп аймақтағы теміржол тұйықтары мен көмір қоймалары, жылыту орталықтарындағы көмір қорының тұрақты есебі жүргізілетін болады.  

Қысқасы, көмір тасымалы бойынша семейлік теміржолшыларға түсетін жүктеме апта сайын артып келеді. Көмір тиеу мен вагондарды сұрыптау жұмыстары белсенді жүргізілетін тораптық Дегелең, Жаңа-Семей, Семей сынды жүк станцияларындағы техникалық-өндірістік процестер де біршама күрделене түскен.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады