Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл

Аймақтар
14.09.2026, 16:07
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржол саласында маңызды да мазмұнды тарихы бар іргелі мекемелердің бірі –  Семей белгі беру және байланыс дистанциясының құрылғанына биыл 95 жыл толып отыр.  

Осыған орай жуырда ШЧ-29 мекемесінде кең көлемде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға дистанцияның кешегі-бүгінгі қызметкерлері мен ардагерлер қауымы, Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы қатысып, мерейтойды жоғары деңгейде атап өтті.

Мерекелік басқосуды ашқан  дистанция директоры, Құрметті теміржолшы Бейбіт Түменғали көпшілікті байырғы мекеменің мерейтоймен құттықтап, кешегі-бүгінгі тарихына шолу жасады.  

  

Түрксіб теміржолының төл туындысы саналатын мекеменің әр жылдардағы жетістігін, бүгінгі цифрландыру дәуіріндегі қол жеткізілген мақсатты шаралар қатарын кеңінен сөз еткен ол осынау жеңісті жолда сала ардагерлері еңбектерінің де айрықша екендігін баса атап өтті.  

Сөз кезегі қонақтарға беріліп, бөлімшенің салалық ардагерлер ұйымының төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы құттықтау лебізін  білдірді.

Ал дистанцияның ардагерлер қауымының атынан осы мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, «Түрксіб-Семей» мұражайының Құрметті директоры, Құрметті теміржолшы Мақсұт Көшжанов мазмұнды баяндама жасады. Қоғамдық істе белсенді қария дистанцияның арғы-бергі тарихына тоқталып, өзі көзін көрген даңқты тұлғалар жайында тамаша естелік айтты.    

Мерекелік шарада  НЖС-6 басшысының бірінші орынбасары Азат Беркімбаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша төрағасы Есен Қажығұловтар да сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.

Десекте, кез келген мерекенің сәнін марапаттау кіргізетіні де рас.  Бұл орайда «Семей белгі беру және байланыс дистанциясына – 95 жыл»  мерекелік төсбелгімен мекемеде әр жылдарда жемісті еңбек еткен ардагерлермен қатар   ШЧ-29 мекемесінің жетекші инженері Берікқан Қозыбақов сынды аймақтағы байланыс саласының бабын тапқан көптеген майталман мамандар марапатталды.   Мерекелік көңіл күй ән шашумен  ақ дастарханмен басында жалғастық тапты.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады