Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...

Аймақтар
15.09.2026, 09:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолындағы маусымдық жұмыстар жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша күзгі комиссиялық байқаумен қабат жалғасуда. Қыркүйек айының 13 күні басталып, 29 күні аяқталатын дәстүрлі байқау жазғы жұмыстар мен алдағы қаһарлы қысқа даярлық барысын толыққанды пысықтауда.

Комиссия мүшелері, барлық шаруашылық ревизорлары мен бөлімше басшылығы арнайы қызметтік вагонмен өз жұмысын Ақтоғай станциясының іргесіндегі төртінші класты Жүзағаш станциясынан бастады. Таң алагеуімнен басталған тексеру, қадағалау, нұсқау беру іс-шаралары тек ымырт үйіріле Аягөз станциясына қоналқыға келумен аяқтады. Тәулік ішіндегі шаралар тым ауқымды болды. Басты мәселелер қатарында жазғы жол күтімінің нәтижесін анықтау, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларының қысқы маусымға әзірлігін пысықтау, қозғалысшылар біліктілігін сараптау сынды күн тақырыбындағы міндеттер тұрды. Комиссия мүшелері өңірдегі дала өртінің алдын алу сынды мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Қазіргі таңда Ақтоғай мен Аягөз арасында құрғақ шөптің жану фактілері жиілеген. Тілсіз жау желі бойындағы теміржол мүлкіне залал келтірмеуі тиіс.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің Семей учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов бастаған РБ-6 аппаратының жұмысы өнімді болды. Нормативтік-техникалық құжаттамалардан бастап, станция қызметкерлерінің қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша білім-білігі де сынға түсті. Ал, НЖС-6 мен Семей ЖТ филиалының өндірістік-техникалық бөлімі мамандары өндірістік ғимараттардың қысқа дайын, талапқа сай болуын тексерді.  

– Жалпы, байтақ желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша әр ай сайын тұрақты түрде талдау жасап отырамыз. Осыған дейін бірқатар мекеме басшыларына орын алған олқылықтарды түзетіп, ақауларды қалпына келтіру және қауіпсіздікті бұзуға себеп болатын фкторларды жою бойынша нұсқаулар берілген болатын. Күзгі сын барысында осы мәселе айрықша назарда ұсталады, – дейді аймақтың бас ревизоры Темірбек Иманғабасұлы.  

Күзгі сын қарсаңында Аягөз өңіріндегі барлық станция тыңғылықты даярлық жүргізгені байқалады. Күзгі сенбіліктер ұйымдастырылып, ғимараттар ағымдық жөндеуден өткізіліп, рельс бойы қураған шөп пен бұтадан толық тазартылған. Шаруашылық ревизорлары қанша үңіліп «майшаммен» қарағанымен тиянақты жұмыстар легі өз нәтижесін беруде. Жүзағаштан бастап, Темекілі, Алтынқолат, Таңсық сынды жол айрықтары түгел сүзіліп, жергілікті теміржолшылар күзгі сынға толық даярлықпен келгендерін іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, сала қызметкерлерінің қыс қарсаңындағы керек-жарағын «Қазтеміржолкөлік» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов та түгендеуде.  

Күзгі байқау осы аптада Аягөз-Жаңғызтөбе-Шар телімінде жалғасатын болады. Ал, жалпы комиссиялық бақылау Өскемен өңірін де қамтып, 29 қыркүйек күні кластан тыс Семей станциясында аяқталмақ. Анықталған жайттар қорытынды селекторлық жиын барысында талқыға салынады.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл