Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды

Аймақтар
17.09.2026, 09:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қыркүйек айы басталысымен Семей станциясының қозғалыс қызметі мен желілік полиция қызметкерлері қырағылықты біршама арттырды. Алаңдауға негіз бар. Семей вокзалындағы құрылыс жұмыстарына байланысты ескірген жаяу жүргіншілер көпірі 3-ші маусымнан бастап уақытша орнынан алынған болатын. Оның орнына заманауи жаңа көпір тұрғызылғанға дейінгі аз уақытта желі бойындағы  тұрғындардың, әсіресе мектеп пен колледж оқушыларының қауіпсіздігі басты орынға шықты.  

Дегенмен төте жол тапқысы келгендер үшін станция басын кесіп өтуге жол жабық. Тоқтап тұрған вагондардың астымен өтіп, уақыт ұтуды жөн санайтындар қырағы көздерден ары аса алмайды. Әсіресе, бұрынғы көпірдің маңайы жіті бақылауда тұр. Бұл ретте қауіпсіздік іс-шаралары жаңа оқу жылының басталуымен бірге әдеттегіден тыс күшейтілген.  

Соның ішінде әсіресе теміржолшылар қауымының жүктемесі артып отыр. Атап айтсақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары М.А.Шәкеновтың  №0002 жеделхат-нұсқауы аясында профилактикалық жұмыстар қатары да жиі жүргізілуде. Мәселен жуырда Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов  бастаған үлкен топ станцияға жақын орналасқан тұрғынүйлерді аралап, түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Семей ЖТ бөлімшесі филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметі, желілік полиция бөлімі мен әскерилендірілген теміржол күзеті басшылығымен бірлесіп жүргізілген іс-шарада жеке сектор тұрғындарына ескерту қағаздары таратылып, ақпараттандырылды.

Сонымен қатар, станция басына шығатын жолдардың бойынан жүргіншілерді күтіп алған топ өкілдері жекелей де әңгімелесулер жүргізді. Қауіпсіздік ережелерін кеңінен түсіндіріп, сауалдарына да жауап берді.

– Теміржол – аса қауіпті аймақ әрі қателікті кешірмейтінін әрдайым еске салумен келеміз. Өмір – адамға бірақ рет берілетін баға жетпес сый. Мұндай іс-шаралар әрине алдағы уақытта да өткізіле беретін болады. Ал, станция басындағы қауіпсіздік қазіргі таңда басты орында тұр, – дейді бұл ретте осынау акцияның басты ұйымдастырушысы Семей станциясының бас инженері Бекзат Нұрланұлы.

Бір қуантарлығы әзірге тосын оқиғалар орын алған жоқ. Тек ұзындығы бірнеше шақырымға созылып жатқан станциялық жолдардың бойынан әр жерден сирек те болса тәртіп сақшыларының ысқырығын естуге болады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды