Бір отар қой шығын болды

Аймақтар
16.10.2026, 08:45
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазан айының басында Жамбыл ауданына қарасты Жұма – Тамды учаскесі аралығында тағы да мал басу оқиғасы тіркелді. Қауіп-қатерді ескермеген мал иесінің бір отар қойды шойын жолды жағалай өргізгені 70 бас қойдың шығын болуына әкеп соқты. Аталған факті бойынша мал иесіне қатысты темір жолда мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы Жамбыл өңірі арқылы өтетін магистральдық желінің ұзындығы 2100 шақырымды құрайды. Аймақтың Шу – Мойынты аралығындағы учаскесі арқылы тәулігіне 30 жүк пойызы, 32 жолаушылар және Тальго жүрдек пойыздары қарама-қарсы бағытта қатынайды.

Ал Шу – Тараз – Түлкібас учаскелерінен 22 жүк пойызы, 16 жолаушылар пойызы өтеді. Шу – Отар аралығында да күн сайын осыншасы жүйткіп жүріп жатыр. Машинистер үш бағытта қатынап жатқан пойыздарды 9 айдың ішінде 161 мәрте шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Ғалымбек Батырбековтің айтуынша, 80 жағдай мал басу оқиғасымен аяқталған.  

– Малшылардың төрт түлікті қараусыз қалдыруы, шойын жолға мал өргізуінің салдары осындай шығынға әкеліп соғып отыр. Мал иелеріне темір жол бойына мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тартылды. Алайда, осының өзі шаруаларға сабақ болмай отыр.  

Мал басу оқиғаларын аудандар бойынша талдап өтсем, жағдай былай: Мойынқұмға қарасты Шығанақ, Мыңарал, Қашқан теңіз, Жастар, Қайраткөл елді мекендерінде – 15, Қияқты – Хантау аралығында – 13, Шу ауданы бойынша Жиделі – Бірлік елді мекені аралығында 6 жағдай орын алған.  

Сонымен қатар Шоқпар, Бел – Қордай станцияларында – 10, Меркі ауданы бойынша Аспара, Тәтті, Қорағаты елді мекендерінде – 15, Түрксіб – Қорағаты теміржол учаскелері аралығында – 10, Жамбыл ауданы бойынша Аса, Жұма, Тамды ауылдарында – 10, Жуалы ауданы бойынша Шақпақ, Боранды, Сұрым, Күркіресу елді мекендерінде 8 жағдай тіркелді.  

Күз айларында шаруалар таудағы төрт түлікті етекке түсіретіні белгілі. Ауыл төңірегінде жайылым аз, өрісте от жоқ. Ал малшылар малды өргізіп жіберіп, басқа шаруасын жайлауды әдетке айналдырған. Қараусыз мал шойын жолға шығып кетіп жатады. Жүрдек жолаушылар пойыздарының жылдамдығы сағатына 110-140 шақырымды құрайтынын есепке алсақ, машинистер дер кезінде әрекет еткенімен, инерцияның әсерінен локомотивті шұғыл тоқтату мүмкін емес. Ал пойыздар құрамында жүздеген жолаушылар бар екендігін ескерсек, қараусыз мал қаншама адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді. Шаруаның өзі шығынға батады. Сондықтан ауыл тұрғындарына, шаруа қожалықтар мен мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмауды, шойын жолдың бойына мал жаймауды тағы да сұраймыз. Темір жол қателікті кешірмейтінін еске саламыз, – дейді Ғалымбек Батырбеков.  

Мамандар төрт түліктің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ең алдымен олардың иесіне жүктелетінін еске салады. «Шығасыға иесі басшы» демекші, малдың темір жолға қараусыз шығуы ең алдымен иесіне, сосын темір жолға шығын, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, апатты жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.

 

Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды