Өндіріске – жүз жаңа тепловоз

Аймақтар
16.10.2026, 09:22
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл жылдың соңына дейін Батыс Қазақстан өңіріндегі локомотив деполарының паркі 100 жаңа ТЭ36А сериялы тепловозбен толықтырылмақ. Бүгінгі таңда Маңғыстау локомотив пайдалану депосына 91 тепловоз жеткізіліп, олардың 85-і теміржол тасымалына тартылған. Жыл соңына дейін тағы тоғыз тепловоз жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жаңа тепловоздардың бір бөлігі жүк тасымалында тұрақты пайдаланылуда. Қалған локомотивтер қажетті дизель отынының жеткізілуін күтуде. Батыс өңірлеріне арналған тепловоздар Маңғыстауға наурыз айынан бастап келе бастады. Көп ұзамай депо аумағында қытайлық локомотив өндіруші CRRC Dalian Co., Ltd. компаниясының жөндеу және техникалық қызмет көрсету базасы іске қосылды. Мұнда тепловоздарға қажетті майлар мен су құйылып, оларды пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізіледі. Қандыағаш және Жем деполарына жөнелтілетін локомотивтер де Маңғыстауда тиісті дайындықтан өтеді. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімінің басшысы Сәбит Зияевтің айтуынша, жаңа локомотивтер кезең-кезеңімен қабылданып, өңірдегі деполарға бөлінуде.

– Ағымдағы жылдың наурыз айында ТЭ36А сериялы алғашқы сегіз тепловоз жеткізіліп, сынақтан өткізілді. Сынақ нәтижелері ойдағыдай болғандықтан, локомотивтерді жеткізу жұмыстары жалғасын тапты. Әрбір тепловоз жөндеу базасында қажетті техникалық дайындықтан өткізіліп, тиісті деполарға жөнелтілді. Бүгінгі күнге дейін 27 тепловоз Маңғыстау локомотив пайдалану депосына, 29-ы Қандыағаш депосына және тағы 29-ы Жем депосына жөнелтілді. Қазіргі уақытта алты тепловоз дизель майының жеткізілуін күтіп тұр. Жанармай келгеннен кейін оларға қажетті майлар мен су құйылып, Қандыағаш және Жем деполарына жөнелтіледі. Бұдан бөлек, тағы тоғыз локомотив Достық депосында тұр. Олар Маңғыстауға жеткізілгеннен кейін тиісті техникалық дайындықтан өткізіліп, жыл соңына дейін белгіленген деполарға жөнелтіледі. Нәтижесінде биыл Батыс өңіріндегі локомотив паркі 100 жаңа тепловозбен толығады, – дейді Сәбит Зияев.  

Айта кетейік, ТЭ36А сериялы тепловоздар жүк тасымалына арналған. Мамандардың мәліметінше, қазіргі кезеңде бұл локомотивтерде істен шығу жағдайлары сирек кездеседі. Алдын ала пайдалану көрсеткіштері олардың кейбір өзге сериялы тепловоздармен салыстырғанда отын шығыны жағынан тиімді екенін көрсетіп отыр. Мәселен, келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2ТЭ25КМ сериялы тепловоз 3000 тонна жүкпен жүргенде 2900 келі дизель отынын жұмсаса, ТЭ36А сериялы тепловоз 3500 тонна жүкпен 2200 келі отын тұтынады. Бұл салыстырмалы көрсеткіштер ТЭ36А тепловоздарының отын үнемдеу әлеуетін аңғартады. Жаңа тепловоздардың артықшылықтары тек техникалық көрсеткіштермен шектелмейді. Локомотив бригадалары олардың машинист кабинасы жайлы әрі жұмыс істеуге қолайлы екенін атап өтеді. Кабинадағы дыбыс оқшаулауының жақсы болуы сыртқы және дизель қозғалтқышынан шығатын шудың әсерін азайтады. Сонымен қатар қыста жылыту, жазда салқындату жүйелері қарастырылған. Әр кабина тоңазытқышпен және микротолқынды пешпен жабдықталған. Мұның бәрі локомотив бригадаларының еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.  

Биыл 27 жаңа тепловозбен толыққан Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркінде барлығы 69 локомотив бар. Оның ішінде 19-ы – 2ТЭ10МК, 22-сі – ТЭМ сериялы маневрлік тепловоздар, біреуі – ТЭ33А сериялы локомотив. Қалған бөлігін жаңа ТЭ36А тепловоздары құрайды. Бұған дейін пайдаланылған 19 дана 2ТЭ10МК сериялы локомотив тозуына байланысты қолданыстан шығарылып, олардың орны жаңа тепловоздармен толықтырылуда.  

Жаңа локомотивтердің келуі өңірдегі жүк тасымалының сенімділігін арттыруға, отын шығынын оңтайландыруға және локомотив бригадаларының еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.  

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті