Атырау магистральдық желі бөлімшесінде ағымдағы жылдың 8–27 қыркүйек аралығында теміржол инфрақұрылымының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексерудің негізгі мақсаты – теміржол жолдары мен инфрақұрылым нысандарының, техникалық құрылғылар мен құрал-жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, жылыту жүйелерінің, арнайы және қар тазалау техникаларының қысқы пайдалануға дайындығын, сондай-ақ қызметкерлердің арнайы қысқы киіммен қамтамасыз етілуін бағалау.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық құрылымдық бөлімше басшыларының қатысуымен өткен жиынды ашқан Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Аралбай Қосымбаев қысқы кезеңге дайындықтың маңыздылығын атап өтіп, теміржол инфрақұрылымының сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Тексеру барысында жол шаруашылығы, автоматика және телемеханика, байланыс, электрмен жабдықтау, локомотив және вагон шаруашылықтары, станциялар мен өндірістік нысандардың қысқы кезеңге дайындығы қаралды. Жол шаруашылығы бойынша теміржол жолдарының, бағыттамалы бұрмалардың, жасанды құрылыстардың, су өткізу құрылғыларының және жол шаруашылығына тиесілі техникалардың жай-күйі тексерілді. Қысқы кезеңде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қар басу қаупі бар учаскелерді қардан қорғау, қар қалқандарын орнату, жол бойындағы су өткізу жүйелерін тазалау және жолдың ақауларын уақытылы жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

СОБ және байланыс шаруашылығы бойынша бағдаршамдардың, бағыттамалы электржетектердің, рельс тізбектерінің, дизель-генераторлық қондырғылардың, электрмен қоректендіру және байланыс құрылғыларының техникалық жағдайы қаралды. Құрылғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, анықталған ақауларды жою және қысқы кезеңде Атырау магистральдық желі бөлімшесінде ағымдағы жылдың 8–27 қыркүйек аралығында теміржол инфрақұрылымының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілді. техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау қажеттігі атап өтілді.
Электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша электр қондырғыларының, электрмен жылыту жүйелерінің, резервтік электр көздерінің және басқа да техникалық жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығы тексерілді. Жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету және электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын сақтау мәселелері қаралды.
Станциялар мен өндірістік ғимараттар бойынша қызметтік-техникалық ғимараттардың, өндірістік үй-жайлардың, шатырлардың, есік-терезелердің, жылыту жүйелерінің және инженерлік коммуникациялардың жағдайы қаралды. Қысқы кезеңде жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасау, ғимараттардың жылу сақтау қабілетін қамтамасыз ету және жылыту жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Локомотив және вагон шаруашылықтары бойынша жылжымалы құрамның, техникалық қызмет көрсету нысандарының, жабдықтар мен құрал-саймандардың қысқы кезеңде пайдалануға дайындығы қаралды. Техникалық жарамдылықты бақылау, қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың қорын қалыптастыру және анықталған ақауларды уақытылы жою қажеттігі көрсетілді.

Арнайы және қар тазалау техникалары бойынша техникалардың техникалық жай-күйі, қысқы жұмыстарды орындауға әзірлігі, қажетті жабдықтармен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі мәселелері қаралды. Қарлы боран және қолайсыз ауа райы жағдайларында жедел әрекет етуге тұрақты дайындықты қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Сонымен қатар қызметкерлерді арнайы қысқы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауы және қысқы жағдайда жұмыс жүргізуге дайындығының маңыздылығы атап өтілді.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету, ғимараттар мен жылыту жүйелерінің дайындығын бақылау, арнайы техникаларды қысқы жұмысқа әзірлеу және қызметкерлерді қажетті киім-кешекпен қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Атырау магистральдық желі бөлімшесінде қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар жүргізіліп, бекітілген жоспарға енгізілген 15 іс-шараның барлығы толық орындалды. Жоспардың орындалу көрсеткіші 100%-ды құрады.
Қысқы кезеңде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын және қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік құрылымдық бөлімше басшыларына жүктелді.
Махамбет ИСА, Атырау