Республика күніне орай Маңғыстау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары Ерназар Ізтұрғанов пен Қарақат Жақанов, кәсіби одақ өкілі Сәрсенбай Есенқұлов өңір еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, бірқатар теміржолшыларға марапаттар табыстады.

Бұл күні «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін Маңғыстау жол дистанциясының директоры Қуанышқали Есжанов төсіне тақты. Маңғыстау локомотив депосының тепловоз машинисі Қазыбек Сейдалиев III дәрежелі Теміржол даңқы, Бастау бекетінің кезекшісі Бекболат Сүлейменов, Бейнеу жол дистанциясы мотовоз машинисі Жаилхан Мұсаев, жол көлігі машинисі Нұрлы Аманхожаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерін алды. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының энергодиспетчері Көбейсін Тәжібаев «Кәсібі бойынша үздік», Маңғыстау жол дистанциясының жол шебері Құдайберген Даулетбаев «Үздік жол шебері», магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Ержан Азиз «Үздік жас маман» атанды.  

Тағы бірқатар теміржолшыға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының, « ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Басқарма төрағасының, Маңғыстау жүк тасымалы филиалы мен магистральдық желі бөлімшелері директорының, Мұнайлы ауданы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. Жиын соңы өнерлі теміржолшылардың концертіне ұласты.