Семейде вагон жетіспеушілігі жоқ

Аймақтар
05.06.2019, 15:56
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары ағымдағы жылға жоспарланған жүк айналымын арттыру, транзиттік ағынды қамтамасыз ету шаруаларында тың табыстарға қол жеткізіп отыр.

Атап айтсақ, жыл басынан бергі төрт ай ішінде бөлімше бойынша вагон жетіспеушілігіне жол берілген жоқ. Оған басты себеп, жүк тиеудегі «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының үлес көлемінің 70 пайызды құрап, күрт артуы болып отыр. Соның нәтижесінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы республикалық маңыздағы автожолдар құрылысының материалдары Жаңғызтөбе кентіне кедергісіз жеткізілуде. Жүк тасымалындағы тағы бір маңызды жайт, бөлімше басшылығы ағымдағы жылы 12,0 млн тонна жүк тиеуді межелеп отыр. Оның ішінде, жоспар бойынша 9 млн тонна жүкті Қаражыра көмірі құрайды деп күтілуде. Мұның сыртында түсті металл тиеу 500,0 мың тоннадан асырылмақ.

Бөлімше бойынша жүк айналымында транзитті-контейнерлік пойыздарды өткізу маңызды сипатқа ие. Осы бағыттағы жұмыстар соңғы үш жылда сатылап өскен. Мәселен, алдыңғы жылы 177 контейнерлік пойыз өткізілсе, өткен жылы оның саны 429-ға жеткен. Ал, биылғы небары төрт айдың ішінде 184 контейнерлік пойыз қабылданып, өткізілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін еселеп өспек.

Тағы бір жаңалық – бөлімше бойынша контейнерлік вагондарға жүк тиеу ісі биылдан бастап қайтадан қолға алына бастады. Жүк айналымын арттырып, вагондардың тұру уақытын азайту мақсатында және локомотив өнімділігін жоғарылату үшін өткен жылдан бастап 60-тан 86 вагонға дейін тұратын ұзын жылжымалы құрамдар жасақталып, жолға шығару ісі қолға алынған болатын. Бұл ретте жолдың баллдық сапасының жақсы болуы себепті Ақтоғай-Семей телімі бойынша 58 пойыз жолға шықса, Семей-ДегелеңАқсу бағытында 100 вагоннан тұратын 46 пойыз жүріп өтті. Аталмыш жұмыстар жүк айналымын жылдамдатып, босаған вагондарды жинап алуда тиімді болып отыр. Мұның сыртында Семей станциясынан Ақтоғай бағытында жалпы салмағы 9000 тоннадан жоғары болатын 15 ауырсалмақты пойыз жіберілді. Жүк тасымалының тиімділігін арттыру тораптық Семей және Жаңа-Семей станциялары бойынша транзиттік пойыздарды өңдеуге кететін уақытты қысқартуға итермелеуде. Осы ретте бөлімшеге қарасты болғанымен Ресей жеріндегі Локоть станциясында құрастырылған 4500 тонналық пойыздар тікелей Орта Азияға жол тартты. Соның есебінен локомотив паркін қысқартудың экономикалық тиімділік көрсеткіші бірден жоғарылапты. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады