Астық тасымалы: вагон паркі жеткілікті

Аймақтар
17.07.2019, 11:29
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент қаласында астық пен ұн тасымалына қатысты жиын болып өтті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен өткен кеңеске Түркістан облысындағы астық өндіруші, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, көлік компанияларының басшылары қатысты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өкілінің төрағалығымен өткен жиында негізінен Шымкент ЖТ бөлімшесінің клиенттері болып табылатын кәсіпкерлер мүддесі ортаға салынып, биылғы жаңа егін науқанына байланысты ұн және астықты теміржол көлігімен тасымалдауды дер кезінде қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Бәрімізге белгілі, Қазақстанның астық өнімдерінің қатты түрлеріне Еуропа мен Азия нарығында сұраныс көп. Осыған орай, ҚТЖ өкілдері оңтүстіктегі кәсіпкерлермен кездесіп, биыл егін науқаны кезінде тасымалдауда қай бір жылдардағыдай вагон жетіспеу шілігі сынды мәселелер туындамас үшін алдын ала кеңесу үшін бас қосты.

«ҚТЖ биыл астық және ұн тасымалдау жоспарын ертерек бекітіп, осы жоспар аясында Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Көкшетау қалаларында алқалы жиын өткізіп, енді сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз. Астық тасымалдау шаралары бойынша кәсіпкерлермен, мемлекеттік ұйымдармен, көршілес мемлекеттермен сөйлесіп, вагондармен жеткілікті қамтамасыз ету жайын шештік.Тасымалдау бойынша статистикаға келер болсақ, елімізде 2018-2019 жылдары рекордтық көрсеткіш орын алып, 11 млн 200 мың тонна астық тиелді. Оның 8 265 тонна немесе 75 пайызын экспорт тасымалы құрайды. Экспортқа шығарылатын астықты негізгі тұтынушы елдер – Орта Азия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан т.б. Астық тасымалы Ауғанстан мен Өзбектанға төмендегенін де айта кеткен жөн», – деді жиында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі айтқандай, биылғы астық былтырғы жылдан кем болмайды. Сол себепті, астық пен ұн тасымалы бойынша екінші жартыжылдықта 4.5млн тонна астық тиеледі деп күтіледі, сонымен ай сайн 450 мың тонна ұн арту күтіліп отыр. Тасымалды 1 млн 100 тоннаға жеткізу үшін 8 500 вагон жеткілікті көрінеді.

«Айта кеткім келіп отыр, бізде вагон паркі жеткілікті, ұн тасымалдауға арналған 13 мың жабық вагон бар. Оның ішінде 8000 ҚТЖ-да, қалған 4900 – жекеменшіктегі вагондар. Астық таситын қорда 9060 бірлік вагон бар, өзге жекеменшік компаниялар 2500 вагон ұсынғалы отыр. Яғни, биыл вагондар паркі екі есеге ұлғайды.

Сондай-ақ, оңтүстік өңір кәсіпкерлеріне тасымалдауға қатысты қандай да бір мәселе туындаса да ҚТЖ сайтындағы жұмыс тобына хабарласу ескертілді. Қысқасы, теміржолдың астық тасымалдауға дайын екені баса айтылып, кәсіпкерлердің астық тиеуді өз уақытында жүзеге асырулары өтініш етілді.

Осы орайда, астық тасымалы бойынша вагон жөнелтуде кептеліс тудырмайтын арнайы бағыттардың кестесі де жасақталғанын айта кеткен жөн. Пойыз жылдамдығы тәулігіне 800-850 км тасымалдауды қамтуы қажет. ҚТЖ өкілдері вагондардың айына кем дегенде екі рет астық тасымалдауы керектігін құлаққағыс етті. Өткен жылы Өзбекстан тарапымен жүк өткізу барысында кептеліс туындаған. Биыл Өзбекстан мен Сарыағаш, Келес арқылы қозғалыс 23 пойыздан 28 пойызға дейін артып, қосымша 8 маневр локомотиві бөлінетіні де мәлім болды. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады