Депутаттар семейлік теміржолшылармен жүздесті

Аймақтар
22.07.2019, 11:17
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Геннадий Шиповских арнайы келіп, жергілікті теміржолшылар қауымымен кездесу өткізді.

Мақсат – сала қызметкерлерін Үкімет отырыстарында қабылданған заңдармен таныстырып, еліміздің даму стратегиясының басымдықтары жайында мағлұмат беру, сондай-ақ, теміржолшылар көкейінде жүрген сауалдарға жауап қайырып, ұсыныс-тілектерін тыңдау, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау, ой бөлісу болатын.

Бөлімше басшысы, қалалық мәслихат депутаты Марлен Көкрекбаев жиналғандарды қонақтармен таныстырып өткен соң Парламент депутаттары сөз алды. Геннадий Геннадиевич Мемлекет басшысының өмір сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау туралы тапсырмасына сай, әлеуметтік салаға баса көңіл бөлу жайын сөз етті. Атап айтсақ, ортаға салынған мәселенің бірі, теміржолшылар тұратын көпқабатты үйдегі лифт мәселесі болды. Бұл ретте, сала қызметкерлерінің атынан арнайы хат әзірлеу арқылы жергілікті бюджеттің қаржысына бұл нысанға күрделі жөндеу жүргізу туралы жан-жақты сөз қозғалды. Василий Олейник сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуде барлық мүмкіндіктерді жан-жақты қарастыру керектігін, өз тараптарынан да елеулі түрде көмек болатынын жеткізді.

Бұдан өзге қала ішіндегі теміржол желісі бойындағы қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Әсіресе, ірі сауда орындары мен оқу орындары маңайындағы ахуал алаңдатуда. Яғни, аталмыш аумақтарды эстетикалық талаптарға қайшы келмейтіндей етіп қоршау керек. Бұл ретте сөз алған бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы бүгінде осы мәселенің көптеген бөлімшелер үшін маңызды екенін айта келіп, оны шешу жолында мемлекет тарапынан қандай да бір бағдарлама қабылдауды қарастыру туралы ұсыныс білдірді. Геннадий Геннадиевич қала ішіндегі желіні қоршау туралы бірінші кезекте облыс, қала әкімдігімен келіссөз жүргізіп, жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру керектігін, нақты шешім табылмаған жағдайда өзге қалалардың тәжірибесіне сүйене отырып, жан-жақты қарастырып шешу керектігіне тоқталды.

Кездесу барысында теміржолшылар қауымына әлеуметтік қамқорлық жасау тақырыбында теміржолшылар кәсіподағы ұйымының төрағасы Алик Досанов та бірқатар өзекті сауалдар қойып, жауап алды. Жиын барысында сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі, пойыздардың келу-кету кестесі, т.б. тақырыптары да сөз болды. Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар маңызды сауалдарды қойын дәптерлеріне түртіп алды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті