Журналист бір күнге вагон қараушы мамандығына ауысты

Аймақтар
08.08.2019, 13:35
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Семей вагон пайдалану депосында болып, журналистік қызметті бір күнге вагон қараушы мамандығына ауыстырып, осы кәсіптің қыр-сырына үңілген едік.

Станция басына ауыр ентігіп, жылжымалы құрам келіп тоқтады. Теріскейдегі Локоть станциясынан шығып, оңтүстікті бетке алып бара жатқан жүк пойызы ұзақ аялдамайды. Сондықтан локомотив бригадасы ауысқанша техникалық тексеру жұмыстарын жылдам жүргізіп шығу қажет.

Ауысым жетекшісі,аға вагон қараушысы Бекболат Мұстафин бізге бірінші кезекте қажетті құрал-жабдықтарды түгендеп алуды ескертті. Вагон қараушысының «бес қаруына» өздері «молоток» атап кеткен балға, ұлғайтқыш әйнек лупа, қалам мен шағын қойын дәптер, арнайы айна және тәуліктің жарық мезгілінде де қол фонары болуы міндетті екенін білдік. Екінші кезектегі міндет – техникалық қауіпсіздік шараларын бұлжытпай орындау керек. Яғни, «екі шоқып, бір қара!» дейтін қазақ мәтелін вагон қараушылары ұмытпауы керек. «Вагоншының бас қаруы – қырағылық» деген жазылмаған қағида бар.

Бая-аяғы ат шаптырым ұзыннан ұзақ созылған жылжымалы құрамды толыққанды тексеріп шығу үшін ауысымдағы қос вагон қараушы пойыздың қос қапталына жұмылады екен. Бақылау қосынындағы әңгіме барысында тәжірибелі теміржолшылар өз кәсіптерінің қыр-сырымен бөліскен еді. Ва гон дөңгелегіндегі ақаулықтар бірінші кезекте маусымдық сипатқа ие. Мәселен, қысқы аязды мезгілдерде ауа райына байланысты бүйір рамасында жарықшақ көп орын алатын болса, жаздың аптабында өзге бөлшектері, соның ішінде тежегішке қатысты құрылғылар көп сыр береді екен.

Осылайша, арнайы киім киіп, мұздай «қаруланған» соң жұмысқа кірісіп кеттік. Техникалық күтім бекетіндегі «тісқаққан» вагон қараушыларының нұсқаулығына сәйкес әуелгі кезекте дөңгелектен және жақтаудан шығатын дыбыстарға көңіл бөлдік. Пойызды қарсы алған вагон қараушысы бірінші кезекте вагоннан шығатын дыбысқа құлақ түруі керек. Дөңгелек білігінде немесе жақтау рамасында ақаулығы бар вагондардың жүріс кезіндегі дыбысы өзгешелеу болады. Сонымен бірге вагонның сыртқы тұрпатына мұқият көз тіккен жөн. Ақаулығы бар жүк тиелген вагондар көп жағдайда бір бүйіріне қарай сәл қиғаштай қисайыңқырап тұрады. Мұнымен қатар әрбір вагон қараушы арба жетегіндегі құрылғыларды жатқа білуі тиіс.

Сонымен, тәжірибелі маманның жетегінде біз жылжымалы құрамды бас-аяғы үш-төрт минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде толықтай тексеріп шықтық. Ешқандай ақаулық табылған жоқ. Пойыз жолға шығуға дайын. Келесі тораптық станциядағы тексеруге дейін арада жүздеген шақырымдар жатыр. Вагон қараушылармен бірге келесі вагондар легі келгенше бақылау қосынына беттедік.

Семейлік вагон қараушылары кәсібилік жағынан қамшы салдырмайды. Айталық, биылғы жылғы қысқы маусымда, арнайы акция кезінде бүйір рамасының жарықшағын табуда 5 тосыннан келер апаттың алдын алған. Нәтижесінде бес вагон қараушы қырағылығымен ерекшеленіп, марапатқа кенелген. Бөлімше, мекеме басшылығы тарапынан ақаулық тапқан вагон қараушыларға алғыс әрі ынталандыру мақсатында қаржылай сыйақы да беріледі екен. Айта кетерлігі сол, күллі ұлттық компания бойынша вагон арбасының ақаулықтарын табуда семейлік вагон қараушылар жыл сайын алдыңғы лектен көрініп келеді. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті