Семейлік теміржолшылар «Бейбітшілік» акциясына қатысты

Аймақтар
30.08.2019, 20:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

29 тамыз күні семейлік теміржолшылар Семей қаласында, Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралында өткен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған халықаралық «Бейбітшілік» акциясына қатысып, әлемнің бейбітсүйгіш қауымына үн қосты.

Осыдан тұп-тура 30 жыл бұрын тұңғыш рет еліміз бойынша ядролық сынаққа қарсы қозғалыс құрылса, 28 жыл бұрын Елбасының жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылған болатын. Содан бері, бұл атаулы күн жергілікті теміржолшылар үшін үлкен маңызға ие.

Халықаралық митингіге Семей ЖТ бөлімшесі басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов бастаған 200-ден аса теміржолшылар қатысып, әлемнің әр түкпірінен жиналған бейбітшілік сүйгіш қоғам қайраткерлерімен бірге үн қосты.

– Кешегі 40 жыл ішінде полигонда 456 ядролық сынақ өткізіліп, ең кемі 500 мың адам радиация зардабын тартқан болатын. Олардың арасында теміржол бойымен «аса құпия жүк» – атом реакторлары мен ядролық зарядтарды тасымалдаған теміржолшылар да болды. Себебі, бұл қызмет радиациялық қауіптіліктің аса жоғары деңгейінде жүзеге асырылды. Бұл күн тек біз үшін емес, әлемдегі барша адамзат үшін елеулі күн саналады, – дейді аталмыш бейбітшілік акциясына қатысушы теміржолшылар.

Шаһардағы өзге де көптеген мекемелер мен ұйымдар мүшелері қатарында сала қызметкерлері де халықаралық ядролық қаруға қарсы іс-қимыл шараларын қолдайтындықтарын білдіріп, кешегі полигон зардабы мен құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Митингіге қатысушы теміржолшылар ядролық қарусыз әлем құру туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті