Мал басу фактісі азайған

Аймақтар
18.09.2019, 21:36
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс жол дистанциясының берген мәліметі бойынша, биыл теміржолдарда бірде-бір рет мал басу оқиғасы тіркелмеген. Десе де, бұл жолда қараусыз жүрген мал жоқ дегенді білдірмейді. Бұл – жолшылардың нәтижелі жұмысының жемісі.

Теміржол – аса қауіпті аймақ. Жабық қоршаудан, белгіленбеген жерден өте салу, шлагбаум жабық тұрса да асығудың салдары – өміріңмен қош айтысуға алып келуі мүмкін екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, оны күнде көріп, біліп отырмыз. Арыс жол дистанциясының, яғни ПЧ-54 басшысы Махмуд Рысбеков 7 ай ішінде бірде-бір адам және мал қағу сияқты келеңсіз фактілердің болмағандығына көңіл демеулі екенін, дегенмен теміржол маңайындағы жергілікті тұрғындарға үгіт-насихат үздіксіз жүргізіліп, басқалай да профилактикалық шаралар жасалып жатқанымен әлі де ереже бұзатындар көп екенін қынжыла жеткізді.

Айталық, қаңтар айында Дарбаза – Сарыағаш өткелі 3 пикеттегі 3330 шақырымдағы жолға қараусыз мал шығып кеткен. Пойыз машинисі дер кезінде тоқтап үлгеріп, малды қағып кетпеген. Ақпан айында ЖылғаДарбаза аралығында, наурызда Сарыағаш-Дарбаза өткеліндегі 7 пикетте, сәуірде Сарыағаш-Дарбаза аралығында мал жайылып жүргені туралы деректер тіркеліп, жолшылар пойыз машинистерінің мал басып кетуінің алдын алған.

«Мұнымен қоса жыл басынан бері Арыс жол дистанциясының мамандары жолға ірі қара малдың шығып кетпеуі үшін 2,3 шақырымдай сыммен қоршау жұмыстарын жүргізді», – дейді Махмуд Рысбеков.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 7 ай ішінде жол жүру ережелерін бұзған автокөлік жүргізушілері де аз емес екен. Айталық, наурыз айында екі бірдей автокөлік жүргізушісі пойыз өтетін жолдағы жабық шлагбаумға қарамастан басып өткен. Көк түсті «ГАЗ-53» мемлекеттік нөмірдегі KZ 329 DAR көлігі №2819 жүк пойызының алдындағы жабық шлагбаумнан өтіп кеткен. Екіншісі, 15 наурыз күні сұр түсті мемлекеттік номердегі KZ 110 XFA «КIA» көлігі №2007 жүк пойызының алдындағы жабық шлагбаумды кесіп өткен. Мамыр айында да екі оқиға тіркелген. Бірі мемлекеттік номерлі KZ 724 IZB «Ларгус» көлігі №2817 жүк пойызының алдынан кесіп өтсе, екіншісі, қызыл түсті мемлекеттік номерлі KZ 460 OBB «КАМАЗ» №4302 жүк пойызының өтетініне қарамастан жабық шлагбаумды қағып өткен.

Маусым айында да шлагбаумның жабық тұрғанына қарамастан өрескел ережені бұзған екі оқиға тіркелді. Оның бірі қара түсті лада Калина көлігі № 2839 жүк пойызының жолын кесіп өтуге тырысса, екіншісі №2826 жүк пойызының жабық шлагбаумын кесіп өткен.

Шілде айында да Тойота-Камри көлігі №3001 ірі жүк пойызын кесіп өтсе, екіншісі KZ 848 ХZZ 13 маркалы Тойота № 6938 қаламаңы тасымалы пойызының алдынан жүріп өткен. Міне, ажалына асыққан жүргізушілер қашанғы жолы бола беретінін, бір күні опық жейтіндерін түсінбейтіндері өкінішті... 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады