Кемшілікке кеңшілік болмайды

Аймақтар
22.10.2019, 10:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қыркүйек айының 23 мен қазанның 4 аралығында өткен күзгі комиссиялық байқауды қорытындылауға арналған алқалы жиын болып өтті. Басқосуға желі бойындағы барлық теміржол шаруашылықтары мен еншілес мекемелер басшылары, телімдік ревизорлар, бөлімше басшылары қатысты.

Сараптамалық қорытынды жиында сөз алған бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаев күзгі байқаудағы орын алған кемшіліктер мен жетістіктерді қатар сараптап өтті. Нәтиже көрсеткендей, биылғы сынақ барысында желі бойындағы теміржол шаруашылықтарының алдағы қысқа даярлық жұмыстарының біршама жоғары деңгейде екендігі байқалған. Әсіресе, Ақтоғай – Аягөз телімінің бойы тыңғылықты даярланған. Ал өзге телімдер бойынша бірқатар ескертулер бар. Күзгі байқау қарсаңында мекеме басшыларына оған даярлық жасауға белгілі бір уақыт берілген болатын. Дегенмен қауырт жұмыс барысымен әзірлігі нашар мекемелер де анықталған. Олардың қысқа даярлығы алдағы уақытта нақтыланатын болады.

Бөлімше басшысы қандай ескертулер жасалғанына және қандай ақаулықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу керектігіне қысқаша тоқталып өтіп, сараптама жасады. Атап айтсақ, күзгі байқау барысында жасалған 338 ескерту ішінде техникалық құжаттамалар толтыру бойынша жіберілген кемшіліктерге баса назар аударылыпты. Сол тәрізді еңбекті қорғау, жұмыс орнын ұйымдастыру, қызметкерлердің біліктілігін шыңдау бойынша да әлі де жетілдіруді қажет ететін жұмыстар қатары анықталған.

Жиын барысында сөз кезегі берілген мекемелер басшылары мен шаруашылық ревизорлары туындаған ахуалға байланысты өз пікірлерін білдірді. Ал, кемшіліктерді жою үшін жекелеген мекемелердің басшыларына қысқа мерзім ішінде уақыт берілді. Егер межелі мерзімде олқылықтар орны толтырылмаса, қатаң шара қабылданатыны туралы ескертілді. Кемшілікке кеңшілік болмайды деді.

Жалпы, табиғаты қатаң Семей аймағы бойынша теміржолшылар қауымының алдағы қысқа даярлығы жоғары деңгейде екендігі, жаз бойғы жүргізілген жұмыстардың нәтижелі екендігі айтылды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті