Ақтөбеде тазалық міндеттелді

Аймақтар
01.12.2019, 08:50
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты он айда 38 рет тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсету мекемелеріне 31 айыппұл салынып, 15 ескерту қаулысы шығарылды.

Жолаушылар көлігіндегі объектілер мен жүктерді тасымалдау жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талабына сай болуға тиіс. Осыған орай санитар мамандардың тексерісімен жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты бірнеше ескерту жасалды. Теміржол қызметінде вагондардың санитарлық талаптардың бұзылуына қатысты 4 материал сот органдарына берілген және 34 санитарлық ұйғарым берілді.

Бұл мәселе Ақтөбе бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының отырысында айтылды. Шараға теміржол және әуе көлігіндегі мекеме басшылары мен тазалыққа жауапты тұлғалар шақырылған. Жиында жолаушылар вагондарының жағдайы, қызмет көрсету түрін жүзеге асыру барысында санитарлық қорытындылардың болуы, пайдалану мерзіміне сәйкес жаңартылу мәселесі талқыланды.

«Қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге жеткізуге тиіспіз. Жолаушылар қызметінің әр өкілі тазалық тәртіптерінің сақталуына мүдделі болуға тиіс. Вагонда алмалы-салмалы жабдықтардың жеткілікті болуы және төсек-орын жабдықтарына қатысты мұқияттылық сақталуға тиіс. Вагондардың техникалық жөндеуден өтуі де уақытымен жасалуы керек. Жолаушыларға сапалы қызмет ұсыну үшін осы талаптарды қатаң бақылауда ұстауды сұраймыз. Төсек-орын жиынтықтары жыл сайын жаңартылып тұруға тиіс. Пайдалану мерзімі өткен тауарларды жарамсыз деп танып, есептен шығарылу керек», – дейді Ақтөбе бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілі Асылгүл Шаранова.

Сонымен қатар, кездесуде жолаушылар қызметі халық көп тұтынатын және жиі шоғырланатын орын болғандықтан тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу, ауа алмасуды сақтау және жұмысшылардың уақытылы скрингтен өтуі ескертілді. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды