Қауіп-қатерге қарсы амал қайсы?

Аймақтар
06.12.2019, 10:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолдың қауіпті аймақ екенін бәрі де біледі, сөйте тұра пойыз астынан өтетіндер, малды жол бойына жаятындар азаймай тұр. Оған қоса өткелдерде көлік пен пойыздың соғысуы да тыйылмай келеді. Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көлік прокуратурасы, көлік инспекциясы, желілік полиция бөлімшесі, теміржол салалық құрылымдары қызметкерлерінің қатысумен өткен жиында осы мәселенің шешімі ізделді.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаровтың айтуынша, биылғы жылы бөлімше аумағында қозғалыс қауіпсіздігін бұзу, адам басу, жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Бірақ жаяу жүргіншілер өткелі бола тұра, адамдар рұқсат етілмеген жерден және пойыз астынан өтуді тоқтатар емес. «Жолда – адам» ережесіне сәйкес теміржолдан рұқсат етілмеген жерден өту бойынша алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Аталған тақырыпта елді мекендер мен мектептерде 923 адамның қатысуымен 14 жиналыс өткізілген, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланған. Соған қарамастан көп жерлерде, әсіресе аса қауіпті саналатын жерлер Атырау-Махамбет, Махамбет Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, ҚұлсарыШоқпартоғай аралықтарында адамдар теміржолды оңды-солды кесіп өтуін, жол бойына төрт түлігін бақылаусыз қоя беруін доғарар емес.

Теміржолшының айтуынша бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен шешуге тырысу керек. 2019 жылдың 10 айында жол бойындағы малдың кесірінен жүріп келе жатқан пойызды 27 шұғыл тоқтату орын алған. Ал ол компанияға қаншама шығын. Былтыр осындай 57 оқиға орын алып, мал басудың 11 оқиғасы тіркелген. Сегіз малдың иесі табылып, оларға әкімшілік жаза қолданылса, қалған үшеуінің иесі ақыры таптырмай кеткен. Шұғыл тежеудің шығынын ҚТЖ өтейді. Сондықтан бұл жерде мал иелері мен жергілікті әкімдікті шығынды төлеуге міндеттеуді заң жүзінде бекітудің қажеттігі туындайды.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жыл сайын жол дистанцияларының өз күшімен теміржол бойын малдан оқшаулау, қоршау, яғни тосқауыл-шарбақ салу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде 224 шақырымда қоршау бар, ол барлық ұзындықтың тек 27 пайызы ғана. Соның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 118 шақырым Сағыз-МақатАтырау-Ганюшкино-рзд Д.Нұрпейсова және Құлсары дистанциясы бойынша Мақат-Құлсары-Бейнеу учаскесінде 106 шақырымды алып жатыр. 2015 жылдан бастап бөлімшеге қарасты жол дистанциялары бойынша мал өтпейтін шарбақ салу жұмыстары бір жылы 6, енді бір жылы 18, 10, шақырымдарға жүргізілген. Ал 2018 жылы 36 шақырым жоспарланса, нақты 54,4 шақырымға жасалған. Биылғы жылдың 10 айында жоспардағы 48 шақырым орнына 55 шақырым салынып, тағы 17 шақырым қоршау жөнделген. Бөлімше қаражатына мал иелеріне 1000 дана жарықшағылдырғыш таратылған. Оның көмегі сол, түнгі уақыттарда мал мойнына байланған жарықшағылдырғыш машинистерге белгі беріп, алыстан көрініп тұрады.

– Мал басудан қорғайтын осындай шаралар орындалып жатыр, әйтсе де жол қапталын түгел қоршаса ғана мал басудан қорғануға болады, ал оған қыруар қаражат қажет. Тығырықтан шығу үшін Атырау магистральдық желі бөлімшесі басшылығы мал көп жүретін темір жол аймақтарында жол қорушы (объездчик) лауазымын енгізген. Осы екі әдістің (жарықшағылдырғыш пен қорықшы) нәтижесі айтарлықтай нәтижелі болып отыр. Биылғы жылы мал басу оқиғасы тіркелмегені – осының айғағы, – дейді Е.Сапаров.

Жиында қаралған тағы бір мәселе – өткелдердегі жағдай. Биылғы жылы қыркүйекте Шамалған өткелінде болған пойыз бен жолаушы автобусы соғысқан оқиға ұмытыла қойған жоқ. Сондай жайттарды болғызбас үшін бөлімше алдын алу шараларын қарастырып, мекемелердің автомобиль жүргізушілерімен 20 жиналыс өткізіп, мыңдаған адамдарға темір жол өткелінен өту ережелері жазылған ерскертпелер таратқан және бөлімше өз тарапынан өткелдерде бекітілген жылдамдықты 60 км/сағаттан 40-қа түсіру шарасын қолға алуда. Сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне барлық темір жол өткелдерінде «Сергек» бейнекамерасын, жол белгілерін орнату жөнінде қызметтік хат жазылған.

Жиын барысында мал иелерін жауапқа тарту, жазаны қатайту, рұқсат етілмеген жерден өткендерге құқық қорғау органдары тарапынан қатаң шаралар алу, әлеуметтік желілерде темір жолдың қауіпті аймақ екені жөнінде ескерту жариялап отыру, т.б. мәселелер қаралды.

Жаңалықтар
21.04.2026
ҚТЖ, Польша мемлекеттік темір жолдары және Еуропалық темір жолдар қауымдастығы Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде
Жаңалықтар
21.04.2026
Қазақстан мен Ауғанстан теміржол саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда
Әлемде
21.04.2026
БАӘ мен Иордания Қызыл теңізге шығатын жаңа теміржол дәлізін салады
Әлеумет
21.04.2026
Теміржол паркінің 90%-ы ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға бейімделді
Аймақтар
21.04.2026
Маңғыстауда жол табаны сауықтырылуда
Аймақтар
21.04.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
ҚТЖ келбеті
21.04.2026
Оңтүстіктен – Солтүстікке: ұлы көшке үлес
Жаңалықтар / Мұрағат
21.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №30 21 сәуір 2026 жыл
Аймақтар / Инфрақұрылым
20.04.2026
Түркістан мен Сексеуіл арасындағы теміржол нысандары тексерілді
Жаңалықтар
20.04.2026
«Нұрлы жол» вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 5 тәулікке қамалды
Аймақтар
20.04.2026
Ақтөбе станциясында аса қауіпті инфекцияға қарсы оқу-жаттығу өтті
Аймақтар
20.04.2026
Кеңседен магистральға дейін: Қызылордалық теміржолшылар айналаны көгалдандыруда
Әлемде
20.04.2026
Alstom компаниясы NJ Transit үшін алғашқы Multilevel III екі қабатты моторлы вагонын жеткізді
Әлеумет
18.04.2026
Әлеуметтік қолдау: теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды
Жаңалықтар / Инфографика
17.04.2026
Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғырту: өткізу қабілетінің өсуі және цифрлық басқару
Әлемде
17.04.2026
Қытай экспресс-жүк пойыздарының санын арттыруда
Жүк тасымалы
17.04.2026
15 жылда Алашаңқай арқылы 53 мың пойыз өткен
Жаңалықтар
17.04.2026
ҚТЖ және Astana IT University цифрландыру және жаңа буын кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті нығайтуда
Трансформация
17.04.2026
Оқу орнынан – өндіріске
Аймақтар
17.04.2026
Межелі жұмыстар атқарылуда