«Ойыннан от шығады» деген осы...

Аймақтар
09.12.2019, 13:53
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде жүріп келе жатқан пойыздың алдына шығып селфи жасамақ болған жап-жас қыз опат болды. 19 жастағы зардап шегуші тыйым салынған жермен өткен және теміржолшылардың дабылына, ескертуіне құлақ аспаған.

Оқиға 4 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 22:49-да тіркелді. Қаланың Әуе қалашығы ауданындағы теміржолдың 1789 шақырымы маңында сағатына 38 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан тепловоз жолда бөгде адамның тұрғанын байқап, шұғыл тежегіш басқанмен, қағып кеткен қызды құтқарып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы жағдайды жол дистанциясының басшысы баяндап берді. «Сол маңда болған куәгерлерден жауап алынды. Теміржол бойына шығып кеткен қыз телефонға алданып, қауіпті ескермеген. Дабылға назар аудармай, арты қайғылы жағдаймен аяқталды. Зардап шегуші тыйым салынған жерден өтіп тұр. Оның үстіне жылдамдықпен келе жатқан жұп пойызды фонға алып, суретке түскен. Сол кезде №1273 тақ пойызының келгенін байқамай қалған болу керек», – деп хабарлайды жол дистанциясының басшысы Кеңес Нұртаев. Зардап шегуші Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. 19 жастағы екінші курс студенті бір литр қан жоғалтып, ашық ми жарақатын алған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалғанымен, қыз баланы құтқарып қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың арасында өз өміріне бей-жай қарайтындар көп. Теміржолшылар жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескерту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бірақ, болып жатқан қайғылы жағдайлардан қауіптің ескерілмейтінін көруге болады. «Арнайы өткелден өту керектігін айтып, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, жүргіншілердің дені белгіленбеген жермен жүруді әдетке айналдырған. Осындай қайғылы жағдайлар тіркеліп жатса да, теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру қиын болып тұр. Жыл басынан бері 19 орында 3900 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу орындары мен мектептерде желілік полиция қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірге 8778 адамға түсіндіру жұмыстарын жасады. Әкімдікке 6 рет хат жазып, 7 рет рейд жұмыстары жүргізілді. Оның үстіне теміржол вокзалына жол бойындағы қауіпті бейнероликпен күн сайын көрсетіп жатырмыз. Қайғылы жағдайлар азаймай тұр», – дейді Кеңес Нұртаев. Қала ішіндегі қауіпті өткелдерге аспалы көпір салу мәселесін жергілікті әкімдікке тұрақты көтеріп, хат жазылғанымен әзірге нәтиже жоқ екен. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды