Талап күшті

Аймақтар
13.12.2019, 12:58
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында жас мамандардың қытымыр қысқа дайындығы тексерілді. Күн тәртібінде әрбір теміржолшы жауапкершілікті сезініп, қатал маусымның кездейсоқ тосынсыйларын қаперде ұстауға тиіс. 

Қауіпсіздікті бірінші орынға қойған станция басшылары жас мамандарға тәжірибелік тұрғыда пысықтау сабақтарын өткізіп, тәртіптің сақталуын басты назарда ұстауды талап етті. Қолданыстағы локомотивтердің көпшілігі ескіргендіктен оларды жөндеп, пайдалану мерзімін ұзартып отырған мамандар жа уапкершілікті екі есе күшейтіп отыр. Себебі иненің жасуындай кемшіліктің өзі үлкен қауіпқатерге әкелуі әбден мүмкін. Техникалық қызметтен, тексерістен өткен тепловоз қайта қабылданар алдында бірнеше маманның қырағы көзінен өтеді. Ақтөбе станциясының басшылары мен биыл жұмысқа қабылданған 20-дан аса жас маман шойын жол бойына шығып, қыс мезгілінде темір жолда жұмыс жасаудың ерекшелігі, қауіпсіздік техникасы мен тосын жағдайда шешім қабылдай алу жолдары түсіндірілді. Ақтөбе-2 станциясы аумағында техникалық сабақтар өтті. Онда қолайсыз ауа-райында жұмыс жасау жолдары үйретіліп, кезекші посттар және вагондардың жылдамдығын реттеу тәсілдері практикалық және техникалық жаттығуларда көрсетілді. – Қыста бағыттамаларды қардан және мұздан тазарту бекет кезекшісінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тәжірибелі кезекші бұл жұмыстардың маңыздылығын жақсы түсінеді. Бағыттамалардың қауіпті аймақта орналасқанын ескере отырып, оны тазартуда белгілі бір ережелерді білу қажет. Мысалы, тазарту жұмыстары пойыздардың қозғалысы мен маневрлік пойыздар арасында немесе жолды жабу кезінде жүргізіледі. Мұны кемінде екі адамнан тұратын топ орындауға тиіс. Олардың біреуі пойыздардың қозғалысын бақылайды. Жұмыс орны күндізгі уақытта қызыл сигналмен қоршалуы керек. Ал түнде және көрінбейтін жерде қызыл түс беретін қол шамы болуы керек. Бұған қоса, жұмысшы станцияның кезекшісіне хабарлауы керек. Міне, осындай негізгі қағидаларды әрбір теміржолшының білуі шарт, – деген Ақтөбе станция бастығының орынбасары Асан Жұмағұлов теміржол босаңсуды көтермейтінін, басшыға да, қосшыға да талап күшті екенін тағы қайталады. Станцияда кәсіби теміржолшыларды даярлайтын тәжірибелік мектеп қалыптасқан. Кезекті тәжірибелік сабақ кезінде вагон жылдамдығын реттеуші маманның жұмыс орны көрсетіліп, «Қауіпті аймақ!» деген ескертпе сөздің тұжырымдамасы талқыға салынды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды