«Адал қызмет» - жолаушылар игілігі үшін

Аймақтар
19.12.2019, 20:17
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент қаласының теміржол вокзалында 11-13 желтоқсан аралығында «Адал қызмет» халықтық бақылау акциясы болып өтті. Аталған шара 500-ден астам жолаушыны қамтыған.

Айта кетейік, жаңа жобаның мақсаты – жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту үшін кері байланыс орнату. Жобаны ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асыруда. Жалпы, Қазақстан темір жолы бойынша 120-дан астам әртүрлі бағытта жүретін пойыздар бар екен, соның ішінде 65-тен астамы қала маңындағы тасымал. Үш күндік шарада оны ұйымдастырушылар вокзалға келген жолаушыларға кеңес беруден бөлек, билет алу, сервистік қызметтерге қолжетімділікті түсіндіретін пайдалы буклеттер таратылды. Сондай-ақ, жолаушылардың талап-тілегін, ұсынысшағымдарын жазып алды.

«Біз халыққа билет алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Билеттерді қай сайттардан және қандай терминалдан қалай алуға болатынын айтамыз, көрсетеміз және үйретеміз. Қазіргі таңда билеттерді «Қазпоштадан» да алуға болады. Сондай-ақ, 15 интернет сайт пен оның ішінде «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның bilet.railways.kz сайты да бар. ҚТЖ қарасты кассаларда «Күту парағы» қызметін кассирлерге де тыңғылықты үйретіп жатырмыз. «Күту парағын» білген азаматтар бөтен адамнан, қолдан билет сатып алмайды, яғни алыпсатуға жол жабылады. Билетті осылайша адал жолмен барып алуға болады.

Акцияның бірінші күні 50-ден астам жолаушы халықпен жұмыс істедік. «Күту парағына» оннан астам адамды тіркеп, билет рәсімдеуге көмектестік. Екінші күні де 40 шақты адамға көмек көрсеттік. Желтоқсан айында өзіңіз білесіз, мерекелерге орай билеттерді халық алдын ала алып қойған. Адамдар билетті екі-үш күн қалғанда іздейді. Орын болмаған жағдайда жолаушылар алыпсатарлардың қармағына түсіп қалмас үшін 7 күн алдын жүретін пойыздарға тіркетіп жатырмыз. Билет шыққан жағдайда смс хабарлама келеді. «Адал қызмет» жобасының көздегені де сол, жолаушыларды алыпсатарларға жем болмай, заңды да адал жолмен билет алуға дағдыландыру, үйрету», – дейді «Қаламаңы тасымалы» АҚ Шымкент аймақтық телім бастығы Ғалымжан Бурхан. Бұдан бөлек, жобаны насихаттаушылар жолаушыларға билеттердің қайтарымы қалай жасалады, ережелер мен соңғы өзгерістерді, төсеніштердің жаңадан ауыстырылуына байланысты бағалардың қымбаттағанын да айтып түсіндірді. Себебі, жолаушылар арасында тарифтердің жоғарылауына байланысты түсініспеушіліктер де туындаған. Билет бағасы 25 пайызға дейін өзгермелі болып тұрады. Мысалы, билетті ертерек алса, 25 пайызға төмен, ал күні жақындап орындар толық сатылып жатса, 25 пайыз қымбатқа алады. «Бұл акция еліміздің төрт қаласында болып жатыр. Жолаушылар тасымалының өкілі ретінде кеңес беріп жатырмыз. «Адал қызмет» жобасы жолаушылармен кері байланыс орнатуға бағытталған. Вокзалға келген адамдар біздің миссиямызды білсе дейміз. Осы жылдың 1 шілдесінен бері 50 мыңнан астам адам онлайн түрде билет алыпты. Бұл дегеніміз, онлайн қызметке сұраныстың артып отырғанын білдіреді. Соған қарамастан кейбір адамдар әлі де «Күту парағы» қызметі барын біле бермейді. Әсіресе жасы үлкен адамдар. Жастар интернетте көп отыратындықтан олар билетті онлайн тапсырыспен ала салады. Бұл тегін қызмет түрі әрі өте ыңғайлы. Билет өткізген жолаушы болса немесе қосымша вагон тіркеп жатса, электронды поштасына хабарлама барады», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ маркетинг және сату департаментінің бас менеджері Айгүл Абуталипова. Айта кететін жайт, жаңа жыл мерекесіне қарсы 16 желтоқсаннан бастап Алматы-Түркістан, Алматы-Шымкент бағытына қосымша екі пойыз шықты. Ұлттық тасымалдаушының өкілдері жолаушыларға билетті 30, 45 күн бұрын алса, арзанға түсетінін, жолаушы ауырып қалған жағдайда медициналық анықтамасын көрсетсе, билеттің ақшасы үш күн ішінде қайтарылып берілетіні туралы да айта кетті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады