Қандыағашта жаңа басшы

Аймақтар
27.12.2019, 16:24
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ЖТ бөлімшесіне қарасты тораптан тыс Қандыағаш станциясына жаңа басшы тағайындалды. Аймақтағы ұжым қызметкерлеріне Медет Аяғановты басқарма басшылары келіп таныстырды.

Медет Аяғанов осыған дейін станцияның бас инженері қызметін атқарды. Жас болса да бастамашыл идеяларымен көзге түсіп жүрген өнертапқыш, ҚТЖ жастар лагерінде оның жобалары үздік танылып, талай рет жүлде алған. Жас басшыға бөлімшедегі ең үлкен де күрделі станцияның жұмысын ұйымдастыру, жетілдіру жүктеліп отыр.

Бүгінде станцияда 240 маман болса, оның 60-тан астамы отыз жасқа дейінгі жас маман. Жұмыс көрсеткіштері жоғары. Жоспар талапқа сай орындалып отыр. Станцияда 11 айдың көрсеткішінде 908 168 вагон жөнелту жоспарланса, іс жүзінде 933 845 вагон жөнелтіліп, жоспар 103 пайызға артық орындалған. Автоматтандырылған сұрыптау дөңесінен өтетін вагондардың саны да жоспардан артық. Он бір айда 895 532 вагон өткен.

«Биылғы жылдың 11 айында 2422 вагонға жүк тиеліп, 4347 вагон жүк түсірілді. Тасымалданатын жүктердің дені құрылыс материалдары мен мұнай өнімдері. Станцияға кідіріп, сұрыптау дөңесінен өтетін транзиттік вагондар көрсеткіші де 100 пайызға орындалған. Вагондар тұрып қалған жоқ. Барлығы уақытымен жөнелтіліп жатыр. Станцияға тоқтамай өтетін транзиттік вагондар жүрісі де 2,37 болып, жоспардан артық орындалып тұр», – дейді Қандыағаш станциясының техник-технологы Толқын Ертаева.

Жыл басынан бері станцияға 20 724 пойыз келген. Бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 123 пайызға артық. Ал осы уақыт ішінде станциядан жөнелтілген пойыздардың саны – 21 568. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш те жоғары. Ұзындығы 11 шақырымды құрайтын Қандыағаш станциясы Ақтөбе, Арыс, Атырау, Никельтау секілді төрт бағытқа жұмыс жасайды. Бір орталықтан басқарылатын 232 бағыттамалық бұрма станцияның мүмкіндігін арттырып отыр. Онда 5 парк, үш маневрлік аудан және жеті маневрлік тепловоз бар. Автоматтандырылған сұрыптау дөңесі тәулігіне 2700 вагон өткізе алады.

– Жыл сайын Қандыағаш станциясында жұмыс көлемі артпаса, азайып жатқан жоқ. Менің мақсатым – осы станцияны тек бөлімше ғана емес, ҚТЖ көлеміндегі алдыңғы қатарға шығару үшін еңбектену, – дейді жаңа тағайындалған жас басшы. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды