«Адал қызмет» – халықтық бақылау

Аймақтар
13.12.2019, 18:34
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы бастамасымен «Адал қызмет» халықтық бақылау жобасы вокзалдарда жолаушылармен қабылдау өткізіп жатыр.

Елімізде жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатындағы жаңа жоба жұмысын бастады. 11-13 желтоқсан аралығында жолаушыларды қабылдау арқылы кері байланыс жасаған компания филиалдары мен құрылымдарының қызметкерлері вокзалдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алғашқы төрт топтың жұмысы Нұр-Сұлтан, Алматы-2, Ақтөбе, Шымкент қалаларында басталды. Ақтөбе вокзалында жоба жетекшілерінен кеңес алған халық тек алғыс айтуда.

«Вокзалда үш күндік акция өтіп жатыр. Алғашқы күні 37 жолаушы көмек сұрады. Олардың дені билеттің аздығын айтып, вагон қосуды сұрайды. Тұрғындардың көпшілігінің билет алуға ерте қамданбайтынын көруге болады. Жолға шығуға екі-үш күн қалған кезде ғана билет іздеуді бастайды. Желтоқсан айында мерекелік күндерге байланысты билет іздеп жүргендер қарасы көп. Қазір тұрғындардың арасында онлайн билет алу, электронды қызмет көрсету жақсы дамып келеді. «Күту парағына» хабар жіберу арқылы босаған билеттер туралы мәліметтер алуға болады. «Адал қызмет» жобасы аясында осындай тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықты ақпараттандыруда. Алғашқы күннің өзінде bilet.railways.kz сайтына 12 адамды тіркеп, үйде отырып онлайн билет алу жолдары көрсетілді. Халық ризашылығын білдіріп жатыр», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалы директорының орынбасары Бақытжан Шатаев. 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті