Еңбек қорғау ережесіне сай

Аймақтар
13.01.2020, 16:12

Өткен жылы Арыс станциясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған кешенді шаралар жоспарға сәйкес толығымен және бәрі еңбек қорғау ережесіне сай орындалды.

Жұмысшылардың еңбек қорғау бойынша білімі тексеріліп, оқытудан 281 адам өткен. 263 теміржолшының электр қауіпсіздігі жөнінде білімі тексерілді.

Бұдан бөлек, жоспардан тыс 689 тексеру өткізіліп, 39 бұзушылық анықталды, 5 адамға сөгіс берілді. Медициналық тексеруден жоспар бойынша 266 болса, іс жүзінде 260 адам өткен. Ал күнделікті ауысым алдында 73 адам медициналық қараудан өтеді.

«Жолда адам» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстың тиімділігі ай сайын қадағалаудан өтіп тұрады. Өткен жылы аталған жүйе бойынша ешқандай бұзушылық орын алмаған. Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, станция маңайында тұратын тұрғындармен жиі кездесу өткізіледі. Ондағы мақсат – халықты теміржолдағы қауіпсіздіктен сақтандырып, қайғылы оқиғаларды болдырмау. Түсіндіру жұмыстары барысында Арыстағы мектеп оқушыларын да қамтып, теміржол туралы көбірек ақпарат беру қолға алынған. Еңбек қауіпсіздігі инженерінің айтуынша, қазіргі жастар, өкінішке орай, теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді, ұялы байланыстың құлаққабын жиі тағып алатындықтан, пойыздың келе жатқанын естімей қалып жатады екен. Жалпы, Арыс станциясында 320 жұмысшы бар. Мұнда жоспардан тыс инструктаж тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Оны мақсатты түрде әр ауысым алдында станция бастығының өзі өткізеді.

«Жаңадан келген жұмысшыларға кіріспе түрде сабақ өткіземін. Сонымен қатар, жұмыс формаларының, қыстық-жаздық киімдердің 100 пайыз толық жеткізілуін қадағалаймын. Айталық, дөңес кезекшісі, операторлар, диспетчерлер формаларын сатып алады, ал қалған киімдер тегін беріледі. Аяқ киімнен етік, резеңке етік, бәтеңке, машинист алыстан көріп басып кетпеу үшін берілетін сигналды желетка, сары шапкалар, т.б. Тағы бір айта кетерлігі, экологияны таза ұстау мақсатында жыл сайын кеңседегі артық қағаздарды макулатураға өткіземіз», – дейді Арыс станциясының еңбек қауіпсіздігі инженері Базаркүл Махмутова.

Айта кетейік, өткен жылдың 1 наурыздан 31 желтоқсанға дейін барлық аймақтағы Жүк тасымалы бөлімшелерінде «Жасыл жұма» атты экологиялық акция ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, Арыс станциясында міндетті түрде эко-жәшіктер орнатылып, оларға пластик, шыны және қағаздар салынған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады