Даңқты депоның бүгіні

Аймақтар
16.01.2020, 18:39
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс вагон пайдалану депосының жүз он жылдан асқан шежірелі тарихы бар, Қазақ темір жолындағы ең көне депоның бірі. Орынбор – Ташкент теміржолы ашылуымен байланысты өңірде вагондарға қызмет көрсететін шеберхана ретінде құрылған мекеме ауқымы кеңейе келе іргелі кәсіпорын, даңқты депоға айналды.

Бүгінде Арыс вагон депосында 600-ден астам адам еңбек етеді. Қарамағында 5 техникалық қызмет көрсету пункті (ТҚКП) мен 1 мемлекетаралық тапсыру станциялары мен шекаралық бақылау пункттеріндегі техникалық қызмет көрсету пункті, 1 техникалық қызмет көрсету пунктін бақылау және 12 бақылау бекеті бар. Депоның филиалы саналатын 5 қызмет көрсету иін учаскелері Түркістан, Сарыағаш, Түлкібас және Шымкент станцияларында орналасқан, ұзақтығы 759 шақырымды құрайды, кепілді телім – 2988 шақырым.


Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылаған депо ұжымы 6 млн жуық вагонға техникалық қызмет көрсетіпті. Вагон қараушылардың кәсібилігі мен қырағылығының арқасында 15 мыңнан астам вагоннан түрлі техникалық ақаулар анықталып, ағымдағы жөндеуге жіберілген. Осылайша қаншама техникалық апаттардың алды алынып, қозғалыс қауіпсіздігі сақталып келеді. «Депоның міндеті – вагондарға сервистік қызмет көрсету, сапалы жөндеуді және жөндеуге тұру уақытын азайту. Сонымен қатар, ақауы бар вагондарды дер кезінде анықтау да біздің басты міндетіміз», – дейді Арыс вагон пайдалану депосының басшысы Бақытжан Наушабеков Амангелдіұлы.

Арыс вагон пайдалану депосында «Ең үздік маман», «Ең үздік вагон тексеруші» және Арыс локомотив пайдалану депосымен бірге «Тежегіш» конференциясы тұрақты түрде өткізіліп тұруы дәстүрге айналған. Бұл шаралардың жұмысшылар арасында бәсекелестікті арттырып қана қоймай, кәсіби өсулеріне ықпалы зор екен. Ғасырлық депоны нағыз шеберлер ұстаханасы десе де болады. Жаңабай Танкеев, Апсаттар Сағындықов, Жүзбай Бисенбаев, Мұзафар Айымбетов Рахымжан Аширов, Лесбек Шауманов сынды Құрметті теміржолшылардың қайқайсысы да осы депода өсіп шыққан кәсіби мамандар. Бүгінгі таңда өндірістік қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Иван Пудов, Тұрарбек Әліпбаев, Полат Сапарбаев, Әмзе Жүнісов, Жамбыл Ержанов, Қыдырқожа Әбілдаев, Петр Жақсыбаев, Қаржау Кенжебаев, Бауыржан Сауранбаев, Нұрхан Сыздықов, Амантай Мырзахметов, Кемпірбай Қаныбеков, Әбдіғаппар Анапияев, Жаңбырбай Ибрагимов, Тайырбек Әуесханов, Әбдірәсіл Хабибулин, Оңғарбай Бадаев, Евгений Артемов, Темірхан Бижанов, Бабахан Әбдірахманов, Бегалы Нұрмаханбетов, Рүстем Жұмабай, Бегалы Әмірбеков, Шалқарбай Базарбаев, Тұрсынгүл Идирисова сынды вагоншылар да түрлі марапаттарға ие болып, аға буынның даңқты еңбек жолын лайықты жалғастырып отыр.   

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады