Қауіпсіздік қағидасына сай

Аймақтар
24.01.2020, 08:07

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Маңғыстау жол дистанциясы өткен жылды көңіл көншітерлік көрсеткіштермен аяқтады. Дистанция негізгі функционалдық міндеті – жолдың үстіңгі қабатын күнделікті күтіп ұстау, пойыздар жүрісін кедергісіз қамтамасыз етуді ойдағыдай атқарып шықты, жол жұмысына байланысты жоспарды түгел орындады.

 Жоспарға сәйкес дистанцияға 69 балдық көрсеткішке жету міндеттелген болса, оның іске асуы 55 балды құрап, меже 125 пайызға орындалды. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 16,8 км жоспар толығымен іске асты. Нәтижесінде Шетпе станциясы мен №14 бекет аралығында мердігерлік әдіспен 16,8 км жол күрделі жөндеуден өтті. Аталған аумаққа темір-бетон шпалдар төселіп, жаңа да ұзын 750 метрлік рельстер салынды.

Осы бөліктегі жолаушылар пойызының жылдамдығы артып, 100км/сағатқа дейін көтерілді. Сонымен қатар өткен жылдың қараша айында күрделі орташа жөндеу жұмыстары да басталған болатын. Жетібай мен Өзен станциялары аралығында жүріп жатқан жол сауықтыру жұмыстары толық аяқталғасын бұл телімде де жылдамдық артып, пойыздар қозғалысы жақсаратыны сөзсіз. 

Яғни бұл жерде 1964-1966 жылдары салынған Р.43 рельстері жаңарып, Р.65 ауыр рельсіне ауыстырылды деген сөз. Жетібай мен Өзен аралығындағы құрылыс жөндеу жұмыстарының жалпы жоспары 20,8 км, бүгінде аяқталуға жақын. Барлық жұмыс қауіпсіздік қағидасына сай. Дегенмен, дистанциялықтарды қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан кел тіріп отырған сол баяғы мал мәселесі алаңдатуда. − Дистанция қызметкерлерінің жұмысы пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету ғой, жолды торуылдап, жұрттың жолға бейберекет жайылған малын «қору» емес! Осыны халық түсініп, әркім өзінің малына өзі ие болса екен. Себебі темір жол бойында қараусыз және бағусыз Қар тазарту жұмыстарының барлығын уақытында жүргізіп, пойыздарды тоқтатқан жоқпыз», – дейді Ақтөбе жол дистанциясының бас механигі Серік Түменбаев. Жол дистанциясы 129,25 км аумаққа қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде І категориялы 84,97 км, ІІ категориялы 1,54 км, ІІІ категориялы 42,74 км жол бар. Жол бойының бәріне қардан қорғайтын шарбақтар, қалқанды торлар мен екпе ағаштар отырғызылған. Дистанция аумағында 20 бригада кезекпен жолға шығып қар тазарту, қар шығару жұмыстарын атқарып отыр. Ал өңірде боран қаупі жиі туындайтын Никельтау аумағында да жұмыс қауырт жүріп жатыр екен. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар күні-түні жүргізіліп, қатаң бақылауда екен. Қарлы аумақтың жағдайын станция басшысы хабарлады. «Қар тоқтаусыз жауып тұр. Тазалап үлгере алмай жатырмыз. Әзірге пойыз қозғалысына зиян келген жоқ. Қар тазарту техникаларымыз толық қуатында жұмыс жасап жатыр. Барлық мамандар кесте бойынша жұмыс орнында. Күндіз де, түнде де оншақты адам қар тазалауға кезекшілікке шығып, жолдар мен бұрылыстар, стрелкаларды қардан аршуда», – дейді Никельтау станциясының бастығы Өмірзақ Өтегенов.

Суреттерді түсірген автор жүрген мал пойыздар қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіруде. 2019 жылы жолға шыққан мал үшін ТЧЭ6 машинистері 199 оқыс тежеу берген. 2018 жылы 165 рет тіркелген еді. Соның ішінде өткен жылы жеті, 2018 жылы үш рет мал басу оқиғасы болды. Атап өткеніміздей, жайттардың салдарынан өткен жылы 9,95 тонна (2018 жылы 8,25 тонна) жанармай шығындалды. Пойыздар кестедегі уақытынан кешігіп, тепловоздың алдыңғы бөлігі майысты. Оған кім жауап береді? – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Ержан Артықбаев.

Жолға мал көп шығатын, шұғыл тежеу жиі берілетін жерлер №14-15 бекет, №14 бекет-Шетпе станциясы-13 бекет, №15-16 бекет, №16-Тамақ бекеті, Тамақ бекеті-Маңғыстау станциясы, Боржақты бекеті-Қарақия станциясы, Қарақия-Жетібай стан- циясы, Жетібай-Өзен станциясы, Өзен-Бастау станциясы, БастауАқбөбек бекеті, Ақбөбек бекет-Бопай станциясы аралықтары екен.

− Теміржолға жақын елдімекендердің тұрғындарымен түсінік жұмыстарын үнемі жүргіземіз. Өткен жылы 1363 мал иесімен кездесіп, сөйлестік. Ай сайын малға қарсы қоршаулардың бұзылған жерлеріне жөндеу жүргіземіз. Мәселен, былтыр 6 км малға қарсы қоршау жаңадан салынса, 10 км қоршауға жөндеу жүргізілді. Мұның бәрі не үшін? Қозғалыс қауіпсіздігі үшін, әрине, – дейді жетекші инженер.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады