Шымкентте өтпелер мәселесі өткір тұр

Аймақтар
27.01.2020, 20:23
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол дистанциясының қызмет көрсету аумағында 7 күзетпелі, 11 күзетпесіз өтпе бар. Былтырғы жылы ПЧ-53 бойынша өтпеден автокөліктердің өту барысында 13 жол ережесін бұзу оқиғасы орын алған. Оның бәрі тиісті орындарға жолданып, қажетті іс-шара қолданылған.

Дистанция бойынша өткен жылы теміржол өтпелерінде тіркелген бір ғана оқиғаны мысалға алсақ, Түлкібас-Шымкент учаскесіне қарасты ШымкентҚызылсай өтпесінің 2876 пикетінде Арыс ТЧЭ-32-ге қарасты ВЛ80с-2408 электровозының машинисі 3301 шақырымдағы пикетте шұғыл тоқтауға мәжбүр болған.

Өтпе кезекшісі Ахматқұловтың ескертпесі мен жанып тұрған бағдаршамға қарамастан мемлекеттік номердегі көліктің иесі ашық тұрған шлагбаумнан өте шықпақ болған. Салдарынан кезекші Ахматқұлов ЦЗ1627 нұсқаулығына сәйкес, пломбыда тұрған бөгеттік дабылдаманы қосуға мәжбүр болады. Нәтижесінде машинист пойызды шұғыл тежейді. Өрескел орын алған жол бұзу ережесі МАИ қызметіне жолданып, тиісті шара қабылданған.

– Алматы жол бөлімшесінде орын алған Шамалған оқиғасы сияқты қақтығысты болдырмау мақсатында біз түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейттік, бүкіл автокөлік жүргізушілеріне жадынамалар таратылды. 2020 жылы осы өтпелердегі пойыздардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бөгеттік құрылғылар (УЗП) мен резиналық төсемдерге тапсырыс берілді. 4 өтпеге автоматты шлагбаум орнатуға тапсырма берілді. Олар: Шымкент қаласында орналасқан 3301 шақырымдағы Сайрам өтпесі мен Бакалейторг өтпесі, Бадам станциясындағы 3255 шақырым мен 3265 шақырымда орналасқан күзетпелер. Бұлар 2020 жылғы жобаға кіреді, – дейді ПЧ-53 жетекші инженері Ақтолқын Жоланова.

Сонымен қатар, ескерту хат жолдағанымен кейбір жағдайларда олардың өрескел қылықтарын айғақтайтын дәлел болмағандықтан жазасыз кететін жағдайлар көп екен. – Соңғы бірнеше жылдан бері қала әкімшілігіне, өзіміздің ҚТЖ басшылығына барлық өтпеге бейнебақылау қою керектігін айтумен келеміз. Бейнебақылау орнатылған жағдайда өтпедегі заң бұзу оқиғалары азаяр еді. Себебі, өтпелерде кезекшілерге пышақ, тапанша көрсетіп қорқытып кететін оқиғалар бар. Біздің бөлімде тек Машат пен Ақсудағы көпірде ғана екі бейнекамера бар, – дейді жетекші инженер.

Бұдан бөлек, жетекші инженердің айтуынша, өткен жылы бүкіл күзетпелі өтпелерге комиссиялық түрде тексеру жүргізіліп, әкімшілік, Полиция департаменті, МАИ, көліктік бақылау комиссиясы жол дистанциясына қарасты 94-ші және 3301-ші өтпенің орнына көпір салу керектігін анықтап, астанаға хат жолдаған. Комиссия мүшелері аталған екі өтпеде автокөліктердің ағыны өте көп екендігіне көз жеткізген. Қысқасы, аймақта өтпелер мәселесі өткір тұр.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады