Деподан шыққан дау

Аймақтар
30.01.2020, 21:43

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Ақтөбе локомотив пайдалану депосының жүзден аса жұмысшысы наразылыққа шықты. Еңбек шартының орындалмай отырғанын және жұмыста қысым көргенін айтқан машинистер мен олардың көмекшілері басшылықтың жұмыстан кетуін талап етті.

Осы мәселелге байланысты, яғни локомотив пайдалану депосының қызметкерлерінен депо директоры Талғат Медеубаев пен оның орынбасары Аманбай Советбаев тарапынан орын алды делінген өрескел әрекеттерге қатысты келіп түскен арыз-шағымдарды тексеріп, ақиқатқа көз жеткізу үшін сәрсенбі, 29 қаңтар күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері, атап айтқанда құрамында бас директордың корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.А.Исмухамбетов, Атқарушы директор – локомотив шаруашылығы департаментінің директоры М.К.Ибраев және өзге де қатысты мамандар жолға шыққан болатын.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппараты басшылығы аталған депоның еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, кездесу барысында Т.Ж.Медеубаев пен А.С.Советбаев қызметтік лауазымдарынан жағдай егжей-тегжейлі анықталғанға дейін, яғни 3 ай уақыт мерзіміне шеттетілді», деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жауапты өкілі.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының директоры жоқ кезінде оның қызметін уақытша атқару міндеті 2020 жылдың 30 қаңтарындағы №78 бұйрығымен депо бас инженері Е.Б.Құсниязовқа жүктеліпті. Ал «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ филиалы – Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Б.С.Беркімбаевқа осындай арыз-шағымдарға жол бермеу үшін депоның еңбек ұжымымен ай сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілген.

Бүгінде 800-ден аса адам еңбек ететін депода, сонымен қатар облыстық еңбек инспекциясы мамандары да теміржолшылар арызында келтірілген заңбұзушылықтардың қаншалықты растығын анықтау жұмыстарын жүргізуде. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады