Қостанайда былтыр 2 өндірістік жарақат алу оқиғасы тіркелген

Аймақтар
21.02.2020, 12:54
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры өткен жылы шпалдардың шіруінен жылжымалы құрамның екі рет жолдан шығып кеткенін мәлімдеді.

Болат Баймағамбетов, сонымен қатар жол мен бағыттама бұрмалары және байланыс желілерінің нашарлығынан пойыздар бір сағаттан үш рет кідіргенін айтты.

Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін бөлімшеде бірқатар шаралар жүргізілген. Атап айтқанда, диагностикалық блок жұмысы мен анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою бойынша бақылау күшейтіліп, тракциялық жолдардың ағымдағы күтімі дистанция бастығының жеке бақылауына алынған.

«2020 жылы тракциялық жолдар бойынша 41,7 км жолдың рельс шпалдарын ауыстыру жоспарлануда. Бұған дейін байланыс желілерінің 170 түйіспе қысқыштары ауыстырылса, биыл тағы 50 қысқыш пен 117 өтемдеуіш құрылғыны алмастыру көзделіп отыр», – дейді бөлімше басшысы.

Бөлімшедегі былтыр 2 өндірістік жарақат алу оқиғасы тіркелген. Өндірістік жарақатқа жол бермеу үшін күн сайын мақсатты нұсқаулық жүргізу барысында дирекция бойынша болған келеңсіз жайлар туралы бюллетендер, суретті материалдар қолданылып, жұмысшыларға жоспардан тыс нұсқаулық және техникалық сабақ өткізу жолға қойылған. Жұмысшылардың күн сайын арнайы киім, аяқ киімді киюі, арнайы қорғаныш құралдарын пайдалануы қатаң бақылауға алынған.

– Жалпы алғанда бөлімше бойынша жол жағдайына 72 балл берілді. Жол жағдайының нашарлауына тексерулер мен орта буын басшылардың кемшіліктерді дұрыс және дер кезінде анықтамауы, бұзушылықтарды жоюды дұрыс бақыламауы, дистанция басшылығы тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысу нормативін орындамауы, сонымен қатар жол дистанцияларында ағымдағы жол күтімі бойынша жоспарлы ескертуді нақты жоспарлаудың жоқтығы да себеп болған деген қорытынды жасалды, – деді Б.Баймағамбетов.

Бөлімшеде биылғы жылы мердігерлік жолмен 89 км жолға күрделі жөндеу, 14 км жолға орташа жөндеу жүргізілмек. Және 18 бағыттама бұрманың шпалы темірбетон түріне ауыстырылып, 32 жаңа ағаш білеу жиынтықтарын салу, станциялық 41,8 км жолға күшейтілген орташа жөндеу жүргізу көзделуде екен. Жол машиналарымен жол жағдайын жақсарту және автотракторлық техникамен перегондардың ойықтары бойынша жұмыстар жүргізу де жоспарда. Сол сияқты белгі беру және байланыс және электрмен жабдықтау шаруашылығында да аккумуляторлар, муфттарды, электр сымдарын, СЦБ сымдарын, байланыс желілерін, темір тростарды жаңалау және жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілген.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті