Көп естігеннен бір көрген артық: Қызылордада айлық тексеру семинары өтті

Аймақтар
28.02.2020, 11:45
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде қауіпсіздік қызметінің ұйымдастыруымен «ҚТЖЖТ» АҚ Қауіпсіздік департаментінің директоры М.Шакеновтың 2020 жылдың ақпан айындағы №116 тапсырмасы негізінде көрнекті айлық тексеру семинары өтті.

Семинарға бөлімшенің бас инженері Күлхан Белкібаев, Қызылорда ЖТ бөлімшесі қауіпсіздік қызметінің басшысы Бекжан Өтеулиевтің басшылығымен аймақтағы барлық мекемелердің басшылары мен қауіпсіздікке жауапты мамандары қатысты.

Компания бойынша өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болған жағдаяттардан хабардар етіп, сол жіберілген кемшіліктің алдын алу мақсатында өткізіліп отырған семинардың мақсатын түсіндірген бөлімшенің бас инженері Күлхан Белкібаев негізгі қателіктің теміржолшының өз кәсіби міндетіне немқұрайлы қарауынан, станция басшыларының нормативтік жүктемелерді қажетінше орындамауынан туындап отырғанын жеткізді.

Алдағы уақытта жіберілген кемшіліктердің қайталанбауы үшін әр теміржолшының кәсіби міндетін жіті орындауын, станцияда өткізілетін айлық тексерудің сапасын арттыруды қатаң тапсырды. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру, жол бойында жұмыс жасайтын теміржолшының қауіпсіздігі мен технологиялық талаптардың сақталуына мұқият болуды басты мақсат еткен ұйымдастырушылар семинарда айлық комиссиялық тексерудің өз дәрежесінде өткізілуін теориялық, практикалық тұрғыдан көрсетіп, көрнекті айлық тексеріс жасады.

Алдымен Қызылорда станциясының техникалық кабинетінде әңгімелесу, сұрақ-жауап форматында жүргізілген теориялық дәрістен соң станцияның оңтүстік алқымында және Қызылорда жол дистанциясының оқу-жаттығу алаңында практикалық үлгіде жалғасты. Жолды тексеретін құрал-сайманмен қаруланған қауіпсіздік бөлімінің басшысы Бекжан Өтеулиев айлық комиссиялық тексерудің қалай өткізілетінін, тексеру барысында не нәрсеге мән беру қажеттігін тайға таңба басқандай көрсетіп, жаттығу алаңында практикалық пысықтау сабағын жүргізді.

Станциялық жолдарды тексерген кезде анықталған кемшіліктерді арнайы журналға жазу, оның қандай бұйрыққа орай жазылатынын да еске түсіріп, әрбір әрекеттің белгіленген нормативтер арқылы жасалу керектігін түсіндіріп, ДУ-46 журналының толтырылуын, ДСП таблосының құжаттармен жасақталуын, станция кезекшілерінің диспетчерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауының үлгісін көрсетті. Семинарға қатысушылардың сауалына жауап бере отырып, олардың тексеруді қалай жүргізетіндіктерін де сұрады.

– Ақпан айының соңына дейін осы үлгідегі семинар Жаңақорған стациясында, Қазалы мен Сексеуіл станцияларында да өткізілетін болады. Мұның барлығы бөлімше бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын арттыру, маневрлік жұмыс кезінде өндірістік ережелерді сақтауға мән беру, станция кезекшілері мен пойыз құрастырушылардың сөйлесу регламентін қаншалықты дәрежеде сақтап жұмыс жасайтындығын анықтау, бекет басшыларының өздеріне тиісті нормативтік міндеттемелерін жауапкершілігін анықтау мақсатында өткізіліп отыр, біз семинарға қатысушылардың әрқайсысының кәсіби міндетін адал атқаруын талап етеміз, бұл талаптың толық орындалуы қауіпсіздіктің сақталуына кепіл болмақ, – деді Бекжан Өтеулиев.

Семинарда станция жолдарын айлық комиссиялық тексеруден өткізу кезінде инфрақұрылымды айрықша бақылауға мән беру, меневрлік жұмыс кезінде пойыз құрастырушылардың ИДП талабын қатаң сақтауы, маршрутты дайындау кезінде маршруттың толық дайын болғандығына көз жеткізіп барып команда беру, станцияның ТРА талабын бұлжытпай орындау сынды ережелердің қатаң сақталуы талап етілді, бұл өз кезегінде сол теміржолшының қауіпсіздігіне кепіл болса, бұл кепілдік жылжымалы құрамның қауіпсіздігіне кепіл болатыны қайта-қайта сөз болды.

– Бүгінгі семинардан көп әсер алдым. Теориялық тұрғыдан білгенмен, станция жолын аралап көру, оқу-жаттығу полигонында тексеруді көзбен көру әсерлі болды. Көп естігеннен, тек жалаң дәріс тыңдағаннан осындай бір рет көзбен көрудің маңыздылығы зор екеніне тағы бір көз жеткіздік, – дейді Тереңөзек станциясының бастығы Мұрат Маликов. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады