Құрылғылар күтімі – қауіпсіздік кепілі

Аймақтар
03.03.2020, 11:28
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Техника қанша жерден заманауи болса да, адамның қатысуынсыз оның толық жұмыс жасауы екіталай, дей тұрғанмен, кейде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына адами фактор емес, техникалық ақау себеп болатыны да жасырын емес. Сондықтан құрылғылардың техникалық күтіміне көп нәрсе тәуелді.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының Жосалы бекетінде СОБ электромеханиктері Қожаберген Тажиев пен Азамат Жүгінісовті станция жолдарындағы байланыс құрылғыларына ағымдық жөндеу жасап, техникалық күтім көрсету кезінде жолықтырдық. Қожаберген Тажиевтің дистанцияда жұмыс жасағанына 40 жылдан аса уақыт болса, Азамат Жүгінісовтің саладағы қызмет өтілі бесінші жылға айналыпты.

– Бекеттің оңтүстік алқымындағы 29-бағыттамалық бұрма мен М15 бағдаршамға ағымдық күтім жасау дамыз. Күтім кезінде бағыттамалық бұрма электрожетегінің ішкі тазалығына көңіл бөліп, тетіктердің контактілерінің орнықты бекітілуін тексеруден өткіздік. Электрожетек моторы мен редуктор аралық 0,15 мм-лік өлшемнің ауытқымауын бақылап, бұрманы плюске және минусқа ауыстырғандағы әрекетін өлшеп, оның белгіленген өлшемге сай болуын назардан өткіздік. Жалпы байланыс құрылғыларының техникалық талаптарға сай болуы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына бірденбір кепілдік саналады, сондықтан құрылғылардың кідіріссіз жұмысын қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз, – деді тәжірибелі электромеханик Қожаберген Тажиев.

Бағыттамалық бұрманың электржетегін тексеріп болып оның қақпағын жапқан электромеханиктер рельс жиегіндегі М15-бағдаршамға техникалық күтім жасауға кірісті. Бағдаршамның қақпағын ашып, ондағы лампаға келіп тұрған ток көзі күшінің 11,5 вольт қуатында бо луын, бағдаршам жарығының берілу көрінісін, ішкі-сыртқы тазалығын және бір тексеріп барлық жағдайдың техникалық талапқа сай болуына көз жеткізген СОБ электромеханиктері келесі бағдаршамдарға, байланыс құрылғыларын тексеруге беттеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады