Жауапкершілік - баршаға бірдей

Аймақтар
06.03.2020, 10:36
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жуырда Қазығұрт станциясында теміржолшылар мен жергілікті тұрғындардың желілік полиция өкілдерімен кездесуі өтті. Тақырып сол баяғы жазыла-жазыла жауыр болған қауіпсіздік болды.

Себебі, станцияның қызмет көрсету аумағында теміржолда адамды немесе малды қағып кетпеу салдарынан шұғыл тежеу фактілері жиі орын алатыны белгілі болып отыр. Сондықтан, теміржол көлігі нысандарында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығына әсер ететін құқық бұзушылықтардың алдын алу сөз болған жиында жолға шығып кеткен мал мен жан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің баптары мен оларды бұзған жағдайда орын алатын жауапкершілік туралы түсіндірілді. Ал жауапкершілік теміржолшыға да, қарапайым тұрғындарға да бірдей екені айтылды.

Азаматтарға ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, белгіленбеген орындарда темекі шегу сынды құқық бұзушылықтар үшін азаматтар қандай жазаға тартылады, егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Станция жұмысшылары өз кезегінде теміржол маңайына жақын тұратын тұрғындарға қаншама рет ескерту жасаса да адам басу, мал қағу фактілерінің тыйылмай отырғандығын тілге тиек етті. Осыған орай, Шымкент станциясы ЖПБ қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Жиын барысында қызметке жаңа тағайындалған Қазығұрт станциясы ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны Д.Егембердиев таныстырылып, жаңа басшы болашақта бірге жұмыс жасауға дайын екенін білдірді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады