Болашақ станциядан басталған бастама

Аймақтар
07.04.2020, 10:45
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бұл бастама қазір бүкіл бөлімше аумағына таралып, кейбір мамандардың қажетті құралына айналуда. Басшылардың айтуынша оны теміржолшының «көмекші құралы» деуге болады. Себебі, ол, аяқастынан құрылғылар сыр беріп, қауіпсіздік мәселесі сынға түскен сәтте жедел көмекке келеді.

Бұл - станция кезекшілеріне арналған қарапайым стенд. Алайда, оның қауіпсіздік мәселесіне тигізер үлесі мол болмақ. Сондықтан аталған жаңалық Болашақта басталғанмен Маңғыстау теміржолының өзге де станцияларында жалғасуда. Қазірдің өзінде түбек теміржолының бірқатар станциясының қабырғаларынан көруге болады.

− Өткен жылдың желтоқсан айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Жақсылық Жұматаев тексеріспен келгенде станция кезекшісінің жұмыс орнындағы құжаттармен танысты, сол жолы осындай стенд жасау туралы ой тастады. Идеяны желтоқсан айының аяғына дейін іске асырып, қабырғаға ілдік. Апатты жағдайларда станция кезекшілерінің әрекет ету қызметтері бойынша бізде барлық нұсқаулықтар бар, дегенмен сондай кезде кітапты ашып оның бәрін кім ақтарып отырады және оған уақыт қайда? Сондықтан маған нұсқаулықтардан қысқаша көшірме ретінде стенд дайындау – өте тиімді көрінді де дереу іске кірістік. Теміржолда пайдаланылатын нұсқаулықтарды оқып, орынбасарларыммен ақылдаса отырып. ішінен ең қажет материалдардан стенд құрастырдық. Өйткені, күнделікті жұмыста станция басшылары мен орынбасарларынан кейін станциядағы пойыздар қозғалысы мен қауіпсіздікке жауап беретін барлық станция жұмысын ұйымдастырушы – ол станция кезекшісі. СОБ және байланыс құрылғылары қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде станция кезекшісінің жұмысы да жеңіл болады. Бірақ, техника болғасын кейде қалыпты жағдайдан ауытқиды. Мысалы, бағыттамалық бұрмалардың жүрмей қалуы, бағдаршамдардың ашылмай қалуы, жолдардың жалған бостығын немесе бос еместігін көрсетуі секілді. Міне, осындай ауытқулар кезінде станция кезекшісі пойыздарды техникалық процесске сәйкес уақытынан кешіктірмей қабылдап жөнелтуі тиіс. Ал жоғарыда айтып өткен стенд дәл сол сәттерде станция кезекшісіне қажетті көмекші құрал болады, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Станция бастығының сөзінше мұның тиімділігі, кезекшілер қысыл таяң кезде керекті нұсқаулықтарды іздеп уақыт жоғалтпайды. Бәрі көз алдында. Пойыздарды дер кезінде қабылдап-жөнелтуге септігі тиеді. Екіншіден, күнделікті пойыздан тыс бос уақыттарда көз жүгіртіп стендтегі өзге де қажет мағлұматтармен білім жетілдіруге болады. Техникалық сабақтар кезінде, станция кезекшілерімен диалог жүргізгенде де қолдануға дайын оқулық. Оған қоса стенд көрнекі құрал ретінде де өзінің нақты пайдасын беретін болады. Өйткені қазір адамдар көп сөзді оқи бермейді. Ал мұнда керісінше, бәрі нақты және қысқаша, түсінікті көрсетілген. Онда қазірге жиі қайталанатын жағдайлар бойынша алты тақырып қарастырылған.

− Бастапқыда ең жиі қайталанатын алты тақырыпты қамтып стендтке кіріктірдік. Қазір ол өз тиімділігін көрсетуде. Енді жылдың аяғына дейін көп кездесетін 13 ақаулықтың қалған жетеуін де қамтып, стендке түсіруді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда басқа мамандарға да өз бағыттары бойынша осындай көмекші құрал жасау ойымызда бар, – дейді Мақсат Нұрбеков.

Айта кетейік, Болашақтан үлгі алып бүгінде осындай стендті Маңғыстаудың Қарақия, Өзен, Жетібай, Құрық порты станциялары да дайындаған. Есітуімізше, бұл үрдіс өзге өңірлерде де көрініс табуда.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады