Бірінші орынға адамдар қауіпсіздігі шықты

Аймақтар
14.04.2020, 13:14

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланғалы көптеген жұмыс орындары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Елдегі үлкен қалалар, соның ішінде елордасы да карантинге жабылды. Осындай жағдайда жаңа жұмыс режиміне көшкен темір жол мекемелерінің бірі – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ– на қарасты Нұр-Сұлтан станциясы.

– Карантин – бұл ауру жұқтырған немесе дерт жұқты деп күдікке алынған адамдармен байланыс орнатуға, жануарлар, жүктер, тауарлар, көлік құралдары, елді мекендер, аумақтар, аудандар мен облыстар бойынша өзара қатынасты шектеуге бағытталған тыйым салу және режимді эпидемияға қарсы шаралар кешені. Осыған орай көптеген жұмыс берушілер өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Ал біздің станция «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың №30-Ц бұйрығына сәйкес қашықтан жұмыс істеуге көше отырып, барлық күшті станция қызметкерлерінің індет жұқтыруын болдырмауға бағыттауда, яғни бірінші орынға адамдар қауіпсіздігі шықты, – дейді станцияның бас инженері Бақытхан Әбеуов.

Бас инженердің мәліметінше, станцияның 8 сағаттық кестемен жұмыс істейтін әкімшілік-басқару аппаратының қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілген. Олардың өз қызметтік міндеттерін орындауы мобильді қосымшалар арқылы бақылауға алынып отыр. Қашықтықтан жұмыс істейтін теміржолшылар таңертең сағат 9-дан кешкі 18.30-ға дейін үйде болулары керек, себебі әзірге олардың үйлері жұмыс орны болып табылады. Ал әкімшілік-басқару аппаратынан бөлек, тікелей өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер жұмыстарын жалғастыруда.

Станция қорғаныш маскалары және антисептикалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік және еңбек қорғау секторы тарапынан жұмысшылардың гигиеналық-санитарлық нормаларды орындауы, бір реттік 3-М FFP-1,2 NR D үлгісіндегі қорғаныш маскаларын тәулік сайын алуы, жұмыс орындарына антисептикалық құралдардың үлестірілуі күнде қадағаланып отыр.

Жұмыс орындары тұрақты зарарсыздандырылуда. Жасы 55-тен асқан, күшейтілген карантин жағдайында қоғамдық көліктер қатынамайтын жақын маңдағы елді мекендерде тұратын қызметкерлер еңбек демалысына жіберілген. Станция торабындағы ауысымдық жұмысшыларды жұмысқа апарып-әкелетін қызметтік автобустар шығарылып, олардың елордадағы қозғалысы бойынша қала әкімдігінің рұқсатымен бағдарлық схемалық кестесі жасалған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады