Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Аймақтар
16.04.2020, 19:24
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық вагон қараушылар бүгінгідей қиын қыстау кезеңде жұмыста жүріп те ел басына іс түскен сынақты сәтте өзгелерге қол ұшын созуда. Техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы Ербо лат Сәулебаев бастаған ерікті жандар ауыл мешітіне 50 үйге арналған ең қажетті азық түліктерді жеткізіп берді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұндай уақытта олардың әйелдері де қарап отырған жоқ. Қолдарына ине-жіп алып, теміржолшыларға бетперде тігуге көшкен. Соның арқасында Маңғыстау вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің нұсқаушысы Владимир Сүлейменов өз әріптестеріне 100 дана, вагон қараушы Пернехан Әлжанов 30 дана маска таратты. Тағы бір вагон қараушы Қуатбек Көпбаев өзі тігін машинасына отырып, өз қолымен 70 дана бетперде тігіп, әріптестерімен қатар жағдайы төмен отбасыларға үлестірді. Бетперделердің барлығы да көп реттік қолдануға арналған. Матасы да соған сай таңдалған.

− Еліміздегі аты жаман індеттің таралуына байланысты қазір дәріханаларда қорғаныш бетперделері жоқтың қасы. Оны тапқан күнде де күніне бірнешеуін пайдалануға тура келетіндіктен маска көп қажет болады. Сондықтан неге сол масканы өзіміз тікпеске деп ойладым. Оны отбасым да қолдап, анам қажет маталарын өзі таңдап әкеліп берді. Жұмыстан қолым босай салысымен бетперде тігуге кірістім. Әрбір адам - еліміздің құнды дүниесі. Сол үшінде әр теміржолшының денсаулығы еліміз үшін де, компаниямыз үшін де өте маңызды. Мен де сол құндылықты сақтауға сәл болса да үлес қоса алған болсам, қуаныштымын. Біз бұл сынақты да бірлікпен еңсереміз, – дейді вагон қараушы Қуатбек Көпбаев. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады