Вагон қараушылар біліктілігіне сын

Аймақтар
21.04.2020, 09:38
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігінде тасымалдау үдерісін қамтамасыз етуші мекемелер үшін қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы – басты шарт. Сондықтан Маңғыстау вагон пайдалану депосында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі қашанда бірінші орында.

Осы тұрғыда өңірдегі вагон депосы Маңғыстаудың үстімен өтетін вагондарды қатаң бақылап, ақаулықтарды дер кезінде анықтап, теміржолдағы қауіпсіздікті сақтауға үлкен үлес қосуда. Бүгінде депо көлемінде желтоқсанда басталған «Бүйірлік рамаларға бақылау» төрт айлығы жүріп жатыр, ол сәуірдің 23-не дейін жалғасады. Тек осы айлық аясында жергілікті вагон қараушы- жөңдеушілер 17 бүйірлік рамасынан түрлі деңгейдегі ақаулықтарды анықтады.

− Анықталған ақаулы вагондар дер кезінде ағымдағы жөңдеу тұйығына ағытылып ВУ-41 формалы наразылық актілері толтырылды, арнайы өкілдерді шақырту жөнінде нұсқау жеделхаттар жіберілді және жөңдеуден өтті. Жалпы, осы іс шара аясында болсын, басқа уақыттарда болсын, біздің вагон қараушыларымыз жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету кезінде доңғалақ жұбына, арбашықтардың құймалы бөлшектеріне аса қырағылықпен қарайды. Себебі соңғы уақыттары пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін аса қауіпті ақаулар – бүйірлік рамалардың сынуы жиілеп кетті. Ондай жағдайлар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Рамалардың сынығы вагондардың жолдан шығып кетуіне және соның салдарынан теміржол инфрақұрылымының, басқа да нысандардың зақымдалуына себеп болуы мүмкін. Оған қоса соңғы кездері жүк вагондары арбашықтарындағы бүйірлік рамаларда құйылым дефектілерінің жиілеуі де көп кездесуде, – дейді Маңғыстау пайдалану вагон депосының шебері Қамшыбай Бисенғұлов.

Шебердің сөзіне сүйенсек, бүйірлік рамалардың сынуына бірден-бір себеп вагон жасау және құрастыру кәсіпорындары шығарған құйылым бөлшектері өнімдерінің сапасыздығы. Осындай салдарды ескерген Маңғыстау пайдалану вагон депосы аталған айлық аясында қырағылықты күшейте түскен. Осыған орай арнайы шара жасақталып, вагон депосы мен вагон қарау қосындарында жиындар өтіп, хабарландырулар ілінген. Нәтижесі де жоқ емес, осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша маңғыстаулық вагон қараушылар жалпы 30 вагоннан ақаулық анықтаған. Соның ішінде 17 вагонның бүйірлік рамасынан, 7 вагонның букстық торабынан, 7 вагонның автотіркегіш құрылғысынан және 1 вагонның серіппе үстіндегі арқалығынан кемшіліктер тапқан. Депода наурыз айының 1-31 күндері аралығында жүргізілген «Тежегіш құрылғыларына басты назар» атты тағы бір айлық жарияланып, оның аясында да арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, тежегіштерге аса назар аудару керектігі жөнінде нұсқаулықтар өткізілген. Түнгі тексерістер ұйымдастырылған. Барлығы 36 тексеріс өтіп, соның 15-і түнде кенеттен жүргізілген. Мұның бәрі вагон қараушылар біліктілігіне сын болғаны анық. − Жоғарыдағы көрсетілген нақты жағдайларға орай Маңғыстау вагон депосының вагондарды қарап-жөндеушілері пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін ақауларды анықтап, теміржол апатының алдын алуда деп айта аламыз. Сондықтан алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша 30 вагон қараушыны «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшылығының марапатына ұсындық. Олардың қатарында Бейнеу вагондарға техникалық қызмет көрсету қосынынан: Мейрамбай Жәриев, Еркінбек Тұрамбаев, Исатай Сали, Райымбек Шынтеміров, Байзақ Битанов, ал Маңғыстау қосынынан Жанарбек Якупбаев, Берік Дүйсенбаев, Сапарбек Тоғашев, Жадырасын Багытов, Досжан Жұматов, Есет Камалов сынды вагоншылар біліктілігінен сын болған сынақтан сүрінбей өткен мамандарымыз бар, - дейді Қамшыбай Бисенғұлов. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады