«Қайырымдылық керуені»: 500 отбасыны қамтыды

Аймақтар
04.05.2020, 23:09
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты «2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымы «Ізгілікте жарысайық» атты қайырымдылық қорымен бірлесіп «Қайырымдылық керуенін» ұйымдастырды. 

Қайырымдылық керуенінің мақсаты – шалғай станциялардағы табысы төмен теміржолшылар отбасын қолдауға бағытталған. Тек отандық өнімдерден жинақталған азық-түлік себеті 70 келі, 23 000 теңгені құрайды. Қорапқа 25 кг ұн, 5 кг қант, 5 л күнбағыс майы, 5 кг күріш, 5 кг макарон, 250 гр шай, 10 кг картоп, 5 кг сәбіз, 5 кг пияз салынды.

– «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесіп, жалпы мың отбасыны қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Әзірге 500 отбасыны қамтып отырмыз. Одан бөлек, кәсіпкерлер екі КамАЗ капуста, 5000 дана бетперде берді. Біз тек азық-түлік үлестіріп қана қоймай, қосымша бетперделер мен антисептик таратуды да ұйғардық. Осы қайырымдылық шарасына қолдау көрсетуге, өзіміздің теміржолдың белсенді жастарымен бірге азық-түліктің жиналуына, таралуына Ғазизхан Шекербек, Әділбек Жауғашар, тағы басқа бірнеше танымал әншілер мен блогерлер де келіп атсалысты. Алдағы уақытта қайырымдылық шараларын көбейтіп, жалғастыра түсеміз», – деді Шымкент теміржолы бөлімшесі жастар ісі жөніндегі кеңесінің аймақтық өкілі Ердос Әлішер.

Гуманитарлық көмек тиелген «Қайырымдылық керуені» жылжымалы құрамын Шымкент ЖТ бөлімшесінің директоры Ермекбай Ерманов пен оның бірінші орынбасары Абзал Салықбаев өз қаражатымен қамтамасыз етті.

Сонымен, аталған «Қайырымдылық керуені» бірінші мамыр күні Шымкент қаласындағы Қазығұрт станциясынан таңғы уақытта шығып, Арыс қаласына қарай бет алды. Теміржол жастар мен еріктілер керуеннің керек-жарағын түгендеп шығарып салды. Әне-міне дегенше Арыс станциясына келіп жеткен вагоннан еріктілер азық-түлікті түсіріп, жағдайы төмен теміржолшылар мен Арыс қаласының мұқтаж отбасыларына таратып шықты. Олардың тізімі алдын ала станция мен қала әкімшілігімен келісілген екен. Соның бірі көп балалы қала тұрғыны Бекболат Темірханұлы карантин кезінде жұмыссыз қалыпты.

Ал Абдушафи Сабыржан Арыс депосының жөндеу цехында 42 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шебер. Карантин кезінде жұмысынан жалақы төленбейтін демалысқа жіберіліпті. «Менің де табысыма карантин әсер етті. Жасым алпыста. 42500 теңге алуға өтініш бергеніммен қабылданбады. Депоның басшылығына рахмет, осылай жұмыссыз отырған кезде азық-түлік алушылар тізіміне қосты. Аз да болса демеу, әйелім, бала-шағам қуанып қалатын болды. Бір-екі аптаға жететін азық. Мынау індет басылып, жұмысқа шықсақ екен», – дейді теміржолшы. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады