Жазғы тасымалға дайындық

Аймақтар
05.05.2020, 10:39
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосында жазға дайындық жұмыстары қызу қарқын алған. Депода сәуір айының 10-нан көктемгі комиссиялық байқау басталған еді. Бүгінде көктемнің әр күнін тиімді пайдалануға тырысқан локомотившілердің әрқайсысы өзіне берілген тапсырмамен әуре.

Міндеттелген жұмысты өз межесінде аяқтауға күш салудан бөлек, «бәрінің илегені бір терінің пұшпағы» болғандықтан, жазғы тасымал маусымына темір тұлпарлардың жарақты болуы бәріне салмақ екенін ұжымның әрбір мүшесі жақсы түсінеді.

Комиссиялық байқаудың алдын ала отырысы болып, жоспар бекітілген болатын. Онда қолынан жөндеу, сырлау сынды жұмыстарға икемді, шебер жігіттер таңдап алынды. Олардың қатарында машинистер Қанибек Сейдалиев, Ерлан Айтбаев, Зинадин Абдуллаев, Берік Ыбраев, Кенжебек Мунатбаев, Оразғали Қыдыров, көмекші машинистер Бейбарыс Қайыров, Ерлан Боранбаевтың бригадалары бар. Бұл бригадалар бүгінде тепловоздарды жуып, тазалап, кузовын, жүріс бөлігін тексеріп, сырлап, жазғы маусымға дайындауда. Осыған дейін олар 27 тепловозға осындай дайындау жұмыстарын жүргізіп үлгерді.

− Паркте 55 дана 2ТЭ10 МК тепловозы және 15 ТЭМ-2 тепловозы бар. Содан қазірге дейін локомотив бригадаларымыздың арқасында 27 тепловоз сырланып, жазғы кезеңге жұмыс істеуге сақадай сай болды. Тәжірибелі машинистер мен олардың көмекшілері тапсырылған жұмыстарын ұқыпты және тиянақты орындап шығуда. Көктемгі комиссиялық байқаудың бекітілген жоспары бойынша темір тұлпарларымыздың техникалық жағдайын жақсарту, тазалау-сырлау, жұмыс жасау принципін жаздық тәртіпке ауыстыру жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады, – дейді Маңғыстау локомотив депосының бастығы Сәдібай Күзембаев. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады