Павлодарлықтарға жолдады

Аймақтар
11.05.2020, 18:25
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Семей ЖТ бөлімшесінде халықаралық еңбекті қорғау апталығы аясында бірқатар ілкімді шаралар өткізді. Атап айтсақ, «Пандемияны тоқтату: жұмыстағы қауіпсіздік пен денсаулық адамдар өмірін құтқара алады» ұранымен өткен челлендж аясында жалпыхалықтық «Біз біргеміз!» акциясы бойынша кезекті эстафетаны қабылдап алып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Көзделген басты мақсат - теміржолшылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаудың маңыздылығы туралы мол мағлұмат беру болатын. Аталмыш акцияға бөлімшенің кәсіподақ ұйымы мен еңбекті қорғау бөлімінің мамандары белсенді түрде атсалысты.

Аталмыш шараға орай 12 бірлік бүріккіш, 20 санитайзер, 100 литр сұйытылған антисептикалық сабын, 10 таблеткалық хлор орамасы сатып алынып таратылды.

Сонымен қатар, гипертониямен диспансерлік есепте тұратын қызметкерлердің жұмыс орнында осы сырқат бойынша оқыс жағдайға ұшырауына жол бермеу үшін қан қысымын өлшейтін 10 бірлік тонометр сатып алынды.

Тоқтала кетерлігі, осыған дейін кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен теміржолшылар үшін 4000 бетперде мен 1 500 жұп медициналық қолғап, сондай-ақ, сантитарлық тазарту мен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша заттар да таратылған-ды. Бұл бұйымдар қазіргі күні де қолданыста екендігі акция барысында нақтыланды.

Ал, осы шара барысында еңбекті қорғау бөлімінің мамандары Семей ЖТ-6 кәсіподақ ұйымының төрағасы Асхат Жармұхамбетовпен бірге желі бойындағы жұмыс орындарының жағдайына қанығып, ондағы санитарлық талаптардың сақталуы үшін жасалынып жатқан шараларға баға берді. Сонымен қатар, еңбек орнындағы барша қызметкерлердің қан қысымы ғана емес, дене температурасы да өлшеніп, вирусты жұқтырмас үшін қажетті кеңестер берілді.

- Біз бүгінгі таңда барша ұлттық компания бойынша өтіп жатқан айрықша акцияны Алматы ЖТ бөлімшесінен қабылдап алған едік. Күш жұмылдырып теміржолшылар игілігі үшін апта ішінде көптеген жұмыстар жасалынды деген ойдамыз. Бөлімше басшысы Сиязбек Әлішевтің, кәсіподақ басшылығының көмегімен жүргізілген іс-шаралар нәтижелі өтті. Ал, ендігі аралықта эстафета кезегін көршілес Павлодар ЖТ бөлімшесіндегі әріптестерімізге жолдаймыз,- деп пікір білдірді Семей ЖТ бөлімшесі еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Сәкен Жұмаділов. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті