Теміржолшылар жұмыс режимін күшейте түсті

Аймақтар
12.05.2020, 14:07
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Елімізде COVID-19 коронавирус инфекциясының кеңінен таралып кетпеуінің алдын алуға байланысты төтенше жағдай енгізілгелі Шымкент магистральдық желі бөлімшесі жұмыс режимін күшейте түсті.

Осы жылдың үшінші сәуірінен бастап әкімшілік басқару штатының 96 қызметкері қашықтан жұмыс істеуде. Жалпы, 239 қызметкер еңбек демалысында болса, ақысыз демалысқа тағы 13 адам жіберілген.

Айта кетейік, НЖС-9 бойынша 2073 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 110-ын әкімшілік басқару қызметкерлері құрайды. Бүгінгі таңда бөлімше бойынша 1654 адам яғни 79,8% теміржолшылар жұмыс орнында еңбек етуде.

Бөлімшеде 17 наурыз күні індетке байланысты құрылған штабқа НОДГП-9 бен НЖС-9 теміржол кәсіпорнының барлық басшылары енгізілген. Бүгінгі таңда барлық жұмыс орындары мен филиалдың әкімшілік ғимараттарында санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп, әрбір есік пен тұтқа, адамдар көп кіріпшығатын жерлердің барлығы хлормен тиянақты түрде тазартылуда. Індеттен қалай сақтану керектігі туралы арнайы плакаттар мен стендтер ілу де ұмыт қалдырылмады. Барлық жұмысшылар төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап медициналық маска киюге көшті.

Кәсіподақ комитетінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін бөлімше 4250 дана маска, 153 қорап қолғап, 437 литр антисептик, 1510 литр ағартқыш, 110 дана дозатор, 207 кір сабын, 1031 дана иіс сабын сынды дезинфекциялық құралдар сатып алып, желілік кәсіпорындарға таратып берген. Барлық әкімшілік және қызметтіктехникалық ғимараттардың кіреберісіне антисептик құйылған дозаторлар мен маскалық режим тұрақты орнатылған.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Мұхтар Бикемировтың айтуынша, жолаушылар пойызы тоқтағанға дейін дезинфекциялық заттардың көп бөлігі бөгде тұлғалармен жиі байланысқа түсетін вокзал шаруашылығының қызметкерлеріне үлестірілген. Күн сайын барлық вокзалдарда жолақы билеттерін қайтарып беру жұмыстары жүргізіліп, вокзал қызметкерлері сағат сайын жолаушылар шоғырланатын орындарды дезинфекциялаумен болған. 28 наурыз күні Шымкент қаласына карантин енгізілуіне байланысты Шымкент станциясына қарасты теміржол вокзалындағы барлық жолаушылар пойызы тоқтады. Ал үшінші сәуірден өзге қаладан келетін жолаушылар пойызы толығымен тоқтатылды.

СЭС қызметкерлерімен бірлесіп вокзалдарда коронавирустың жаңа түріне қатысты пневмонияның алдын алу шаралары туралы жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар вокзал аумағы мен ғимараттағы құрал-жабдықтарды, мүліктердің қолды болмауы үшін Шымкент және Арыс станциясының ЖПБ қызметкерлеріне қауіпсіздік ша раларын күшейту туралы арнайы хат жолданған. Ондағы мақсат қалыпты өмірге оралғанша вокзал мүлкінің аман сақталуы.

Тағы бір айта кететін жайт, төтенше жағдай кезінде қайырымдылық шаралары да көбейе түсті. Оның үстіне, «волонтерлер жылы» да пандемиямен сәйкес келіп, еліміздің жастарының сыналар шағын шыңдай түскендей. Айталық, «ҚТЖ 2020 қайырымды іс» бағдарламасының шеңберінде жастар ісі жөніндегі кеңес Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қала тұрғындарына маска таратты. Теміржолшылардың барлығына COVID-19 індеті анықталған жағдайда қалай жұмыс істеу керектігі туралы алгоритм түсіндірілді. ОРВИ симптомдары анықталған кезде алғашқы жәрдемді қалай көрсету керектігі туралы айтылды.

«Шымкент қаласы бойынша ағымдағы және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізетін теміржолшылардың қалада кедергісіз көлікпен жүріп-тұруы үшін жергілікті атқарушы биліктің келісімі берілген. Оған теміржолшылар сайт арқылы тіркеліп, блок посттардан өтуіне рұқсат етілді. Қазір біз қызметкерлеріміз үшін үйінен жұмысқа әрі-бері тасымалдайтын арнайы автобус алуды ұйғарып отырмыз. Әзірге тек желілік кәсіпорындарда істейтін арнайы техника мамандарын ғана көлікпен әкеліп, әкетіп жатырмыз. Әрине, бұл індеттен біз баршамыз бекітілген ережелер мен тәртіпті қатаң ұстансақ қана жеңе аламыз. Сол үшін мамандар айтқан қағиданы бұлжытпай орындап, қауіпсіз емін-еркін араласатын күнге жетуге асық», – деді бас инженер Мұхтар Мансұрұлы. 

Аймақтар
12.01.2026
Абай облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» қорытындыланды
Жаңалықтар
12.01.2026
«Ресей темір жолдары» АҚ филиалы монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды
Әлеумет
12.01.2026
2025 жылы көлік полицейлері 89 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Әлемде
12.01.2026
Швейцария Еуропадағы теміржол тасымалының көшбасшысы
Жаңалықтар
09.01.2026
Байланыс желісіне жоспарлы диагностика жүргізілді
Жолаушылар тасымалы
09.01.2026
Маңғыстау – Ақтөбе: жаңа вагондар жолға шықты
ҚТЖ келбеті
09.01.2026
Үздік вагон қараушы – Шуда
Қауіпсіздік
09.01.2026
Теміржолшылар жасанды интеллект көмегіне жүгінді
Аймақтар
09.01.2026
Маманнан маңызды дәріс
Аймақтар
09.01.2026
Тараздық студенттер теміржол тарихымен танысты
Әлеумет
09.01.2026
Қызыққа толы каникул
Жаңалықтар / Мұрағат
09.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №1 09 қаңтар 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
08.01.2026
Қырық екі жыл – темір жолда
Жүк тасымалы
08.01.2026
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 2025 жылы 30% өсті
Аймақтар
08.01.2026
Дарынды балалар қолдауға ие
Жүк тасымалы
08.01.2026
2026 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы Сианьнан аттанды
Жаңалықтар
08.01.2026
Магистральдық желі дирекциясы экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда
Жүк тасымалы
08.01.2026
Транскаспий бағыты: Үміттен нәтижеге дейін
Жолаушылар тасымалы
06.01.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін электр пойыздарды тағайындады
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда